Тіршілік тынысы Tirshilik-tynysy.kz ақпараттық агенттігі

№96 газет

03 желтоқсан 2024 ж.

№95 газет

30 қараша 2024 ж.

№94 газет

26 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031 
» » Жыл қорытындысымен баспасөз конференциясы өтті

Жыл қорытындысымен баспасөз конференциясы өтті

Сырдария аудандық сотының төрағасы Р.Т.Алдамбергенов 2020 жылдың 12 айының қорытындысы бойынша онлайн режимде баспасөз конференциясын өткізді.

Баспасөз конференциясына жергілікті «Тіршілік тынысы» газетінің тілшісі Е.Беркінбаев және аудандық соттың баспасөз хатшысы М.Асан қатысты.

Іс-шара барысында сот төрағасы статистикалық мәліметтерге тоқталып өтті.

Жалпы 2020 жылдың 12 айында 71 қылмыстық іс 79 адамға қатысты қаралып, оның ішінде 43 іс бойынша 47 адамға үкім шығарылған. 18 іс 19 адамға тоқтатылған, 4 іс соттылығы бойынша жолданып, 6 іс прокуратураға кері қайтарылған. Есепті кезеңде сотқа дейінгі тергеп-тексеру органдарына қатысты 3 жекеше қаулы қабылданған.

Сонымен бірге, 2020 жылдың 12 айында 466 талап арыз және 28 іс түскен, 2019 жылдан қалдық болып 18 іс қалған.

Есепті кезеңде барлығы 441 азаматтық іс қаралған, оның ішінде 47 іс бойынша сот бұйрығы, 144 шешім қабылданып, 211 іс өндірістен тоқтатылған. 35 іс қараусыз қалдырылған және 4 іс соттылығы бойынша жолданған.

2020 жылдың 12 айында аудандық соттың өндірісіне 222 әкімшілік іс түскен. Түскен әкімшілік істердің ішінде 218 іс 218 адамға қатысты қаралған. 4 іс соттылығы бойынша жолданған, 171 адамға әкімшілік жаза қолданылған және 47 адамға қатысты тоқтатылған. Қаралған әкімшілік істер бойынша 11 жеке қаулы қабылданған.

2020 жылдың 12 айында барлығы татуласу тәртібімен - 123 азаматтық іс, партисипативтік рәсіммен 1 азаматтық іс және медиаторлардың қатысуымен 78 азаматтық іс, 25 әкімшілік іс, 15 қылмыстық іс аяқталған.

Төрағалық етуші қазіргі таңда барлық істер арнайы аудио-бейне жазба арқылы қаралып жатырғанын атап өтті, өткен жылдың есепті мерзімінде барлық істер 100% осы аталмыш жүйе арқылы қаралған.

Сонымен қатар, Билер кеңесінің көмегімен 116 азаматтық іс тоқтатылды.
Есепті мерзімде әкімшілік істер 100 пайыз, ал аяқталған 71 қылмыстық істің 44-і электронды нұсқада қаралған.
Есепті мерзімде «Сот кабинеті» сервисі арқылы 459 талап арыз, 222 әкімшілік іс түскен.
Баспасөз мәжілісін қорытындылай келе, сот төрағасы Р.Алдамбергенов қатысушыларға алғысын білдіріп, БАҚ өкілдерінің барлық сұрақтарына жауап берді.

Сырдария аудандық сотының баспасөз қызметі

14 қаңтар 2021 ж. 653 0