Тіршілік тынысы Tirshilik-tynysy.kz ақпараттық агенттігі
» » БІРІНШІ ТОҚСАН ҚОРЫТЫЛАНДЫ

БІРІНШІ ТОҚСАН ҚОРЫТЫЛАНДЫ


Бұрнағы күні Сырдария аудандық сотының төрағасы Абдулла Абдрахман 2018 жылдың 1 тоқсанының қорытындысы бойынша баспасөз–конференциясын өткізді. Жиынға сала мамандары, БАҚ өкілдері қатысты.
Шара барысында сот төрағасы статистикалық мәліметтерге тоқталып, 1 тоқсан бойынша атқарылған жұмыстарды айтты. Жалпы алғанда 2018 жылдың 1 тоқсанында 17 қылмыстық іс 29 адамға қатысты қаралып, оның ішінде 6 іс бойынша 9 адамға үкім шығарылған. 11 іс 20 адамға қысқартылған, есепті кезеңде 2 жекеше қаулы қабылданғаны мәлім болды. Сонымен қатар 2018 жылдың 1 тоқсанында 150 талап арыз және 14 іс түскен. Есепті кезеңде барлығы 127 азаматтық іс қаралған, оның ішінде 4 іс бойынша сот бұйрығы, 68 шешім қабылданып, 54 іс өндірістен қысқартылған. 4 іс қараусыз қалдырылған. Қаралған азаматтық істер бойынша 1 жеке ұйғарым қабылданғанын атап өтті.
Сондай-ақ, бірінші тоқсанда аудандық соттың өндірісіне 56 әкімшілік іс түскен. Түскен әкімшілік істердің ішінде 53 іс 53 адамға қатысты қаралып, 44 адамға әкімшілік жаза қолданылған және 9 адамға байланысты қысқартылған. Қаралған әкімшілік істер бойынша 12 жеке қаулы қабылданған. Ал, медиаторлардың қатысуымен 36 азаматтық іс, 11 қылмыстық іс, 3 әкімшілік іс қаралғандығын тілге тиек етті.
Осы орайда, төрағалық етуші қазіргі таңда барлық істер арнайы аудио-бейне жазба арқылы қаралатындығын, өткен жылдың есепті мерзімінде барлық істер 100% аталмыш жүйе арқылы қаралғандығына, есепті мерзімде «Сот кабинеті» сервисі арқылы 150 талап арыз түскендігіне көз жеткіздік.
Жиынды сот төрағасы қорытындылап, БАҚ өкілдерінің сауалдарына жауап берді.

Б.ОРДАБЕКОВ
17 сәуір 2018 ж. 1 151 2

Гость JeaOrer от 28 ақпан 2019 02:42
Zithromax Out Of System Levitra 40mg Bulk Prices Traitement Baclofene viagra Finasteride 10mg Overseas Low Price

Гость JeaOrer от 16 наурыз 2019 05:49
Amoxicillin Buying It Cellulitis Cephalexin generic cialis Where Can I Buy Levaquin No Prescription Kamagra Oral Jelly 25 Mg Magasin Levitra 20mg