Тіршілік тынысы Tirshilik-tynysy.kz ақпараттық агенттігі

№ 98 газет

10 желтоқсан 2024 ж.

№97 газет

07 желтоқсан 2024 ж.

№96 газет

03 желтоқсан 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031 
» » Сот төрағасы баспасөз конференциясын өткізді

Сот төрағасы баспасөз конференциясын өткізді

Аудандық сотының төрағасы Р.Алдамбергенов 2019 жылдың қорытындысы бойынша баспасөз конференциясын өткізді.

Баспасөз конференциясында сот төрағасы статистикалық мәліметтерге тоқталды.

– Өткен жылы 43 қылмыстық іс 50 адамға қатысты қаралып, оның ішінде 25 іс бойынша 32 адамға үкім шығарылды. 9 іс 9 адамға тоқтатылды, 8 іс соттылығы бойынша жолданып, 1 іс прокуратураға кері қайтарылды. Есепті кезеңде сотқа дейінгі тергеп-тексеру органдарына қатысты 6 жекеше қаулы қабылданды, – деді сот төрағасы.

Сонымен қатар есепті мерзімде 396 талап арыз және 19 іс түсіп, 2018 жылдан қалдық болып 11 іс қалған. Мұнан басқа 389 азаматтық іс қаралған, оның ішінде 41 іс бойынша сот бұйрығы, 202 шешім қабылданып, 119 іс өндірістен тоқтатылған. 19 іс қараусыз қалдырылған және 8 іс соттылығы бойынша жолданған. Қаралған азаматтық істер бойынша 8 жеке ұйғарым қабылданған.

Аудандық соттың өндірісіне 299 әкімшілік іс түскен. Түскен әкімшілік істердің ішінде 284 іс 284 адамға қатысты қаралған. 12 іс соттылығы бойынша жолданған, 238 адамға әкімшілік жаза қолданылған және 46 адамға қатысты тоқтатылған. Қаралған әкімшілік істер бойынша 77 жеке қаулы қабылданған.

Сондай-ақ 2019 жылы медиаторлардың қатысуымен 88 азаматтық іс, 9 қылмыстық іс, 32 әкімшілік іс қаралған.

Қазіргі таңда барлық істер арнайы аудио-бейне жазба арқылы қаралып, өткен жылдың есепті мерзімінде барлық істер 100% осы аталмыш жүйе арқылы қаралғанын атап өтті.

Есепті мерзімде «Сот кабинеті» сервисі арқылы 396 талап арыз, 288 әкімшілік іс түскен.

Сонымен қатар, 2019 жылы Бесарық ауылдық округтерінің әкімшіліктеріне орнатылған бейнеконференц байланыс арқылы 5 іс, жергілікті соттармен бейнеконференц байланыс арқылы 4 іс, «TrueConf» мобильді байланысы арқылы 70 іс қаралған.

Баспасөз мәжілісінде сот төрағасы баспасөз өкілдерінің сұрақтарына жауап берді.

Б.ЖАНӘЛІ
17 қаңтар 2020 ж. 796 0