Тіршілік тынысы Tirshilik-tynysy.kz ақпараттық агенттігі
» » Тілсіз жаудың алдын алайық

Тілсіз жаудың алдын алайық

Осы жылдың қыркүйек айының басында Қостанай облысында алапат орман өрті орын алғаны белгілі. Әулие­көл ауданы, Қазанбасы ауылы аумағындағы орман алқабы өртеніп, біршама материалдық шығын келді. Осы күні мамандармен өртті толық сөндіру жұмыстары жалғасуда.

Елдегі өрт оқиғасына байланысты Сырдария ауданы аумағында өрт оқиғалары­ның алдын алу бойынша түсіндірме жұ­мыстары жүргізілуде. Тұрғындармен тіл­сіз жауды болдырмау мақсатында арна­йы жұмысшы тобы құрылды. Жұмысшы топ құрамында аудан әкімі аппаратының жұ­мылдыру дайындығы және аумақтық қор­ғаныс бөлімінің, аудандық төтенше жағ­дайлар бөлімінің және аудандық орман және аудандық жануарлар дүниесін қорғау мекемесінің жауапты қызметкерлері бар. Аталған топ құрамы Сырдария ауданына қарасты елді мекендерінің тұрғын­дарымен кездесіп, түсіндірме жұмыстарын жүр­гізді.

Күз мезгілінде қураған шөптің күн кө­зінен тұтану салдары өрттің өршуіне әкеледі. Қос­танай облысындағы табиғи өрт­тің шығуына күннің ыстығы себеп болуы мүмкін. Тазалық жұмыс­тарын жүргізу барысында қоқысты өр­теу кезінде де тілсіз жау белең алады. Сондықтан сақтық шараларын күшейтіп, отты көзден таса қылмай, әбден жанып болғанша жанында болып, шоқтың басылуын күтіп, әбден сөнгеніне көзіңіз жету керек.

Жалпы, табиғи өрттің белең алуы­ның басым көпшілігі адамдардың алаңғасар­лық, немқұрайлық және мәдениетсіздік әре­кет­теріне байланысты. Ойланбай тас­тал­ған темекі тұқы­лы да, сөнбей қалған от та орны толмас үлкен қай­ғыға соқтырады. Ең бастысы, табиғи өртті ескерту, өрт қа­уіпсіздігі ережелерін сақтау ұқып­ты­лыққа, жауапкершілікке байланысты. Таби­ғат аясына шыққанда от жағуға болмайтынын қаперіңізге ұстаңыз.

Табиғи өрттің алдын алу және ма­териал­дық зардап шекпеу мақсатында келесі маңызды ережелерді естеріңізге саламыз. Бірін­шіден, жазғы маусымда құр­ғақ, ыстық және желдi ауа­-райында ауылдық елдi ме­кендер мен саяжайлық, бақшалық учаскелерде от жағу­ға, өртке қауіпті жұ­мыс­тарды жүргiзуге жол берiл­мейдi. Екіншіден, сен­бі­лік кезін­де жиналған қураған шөп пен қоқыс қал­­дық­тарын желді күндері өрте­меңіз, жақ­қан алаудың толық сөн­геніне көзіңізді жет­кіз­бей, қараусыз қал­дырмаңыз.

Сондай-ақ елді мекендер мен ұйым­дар­дың аумақтары, ашық қоймалар мен құрылыстардың, ғимараттардың өртке қар­­­сы қашықтығы тиісті талапқа сай болуын ескеріңіз. Тұрғын үйге, саяжайға және басқа да құрылыстарға жақын учаскелер жанармай қалдықтарынан, қоқыстан, құрғақ шөптерден, жапырақтардан дер кезінде тазартылып тұруы қажет. Оған қоса, от пайдалану кезінде өрт қауіп­сіздік ережелерін сақтау мақсатында жас­­өс­­пірімдер мен балалар арасында әңгі­ме жүргізіңіз. Сонымен бірге, темекі тұ­қы­лын және жанып жатқан отты мұқият өші­ріңіздер.

Жоғарыдағы өрт қауіпсіздігі ережелері туралы отбасы мүшелеріне, жас балаларға айтып, тілсіз жаудың соңы орны толмас жағдайға әкелетінін түсіндіріңіз.

Егер Сіз, табиғи, дала өртін немесе жану оқиғасын байқасаңыз, немқұрайлық танытпай, тез арада өрт сөндіру бөліміне «101» телефон нөмірі арқылы хабарлаңыз. Тиісті орынға хабарлау арқылы тілсіз жау­дың өршуіне жол бермей, адамдардың өмірін сақтап қалуға атсалысасыз.
Естеріңізде болсын!
Өрт қауіпсіздік ережелерін сақтамаған кінәлі тұлғалар жасаған құқық бұзушы­лығының ауыр­лығына сай жазаланады. Қазақстан Рес­пуб­ликасының заңнама­ла­рына, яғни Әкімшілік құқық бұзушы­лықтар туралы және қылмыстық кодекс­теріне сәйкес тәр­тіптік, әкімшілік немесе қылмыстық жауапқа тартылады.

Қайрат ҚУАНДЫҚОВ,
аудан әкімі аппаратының
жұмылдыру дайындығы
және аумақтық қорғаныс
бөлімінің басшысы

10 қыркүйек 2022 ж. 322 0