Орманды өрттен сақтайық

Қазіргі көктем-жаз айларында өрт қаупі жоғары. Осыған орай мекеменің орман өрт сөндіру қызметкерлері өрт бақылау мұнараларында кезекшілік ұйымдастырып, бақылау жүргізуде. Орманды өрттен қорғау минералды жолақтар жоспары бойынша 40 шақырымға жаңадан жүргізіліп, 60 шақырым ескісі жаңартылып, күтім жасалды. Минералды жолақтардың ені 6 метрге дейін ұлғайтылды.
Орман өрті азаматтардың демалыс кезінде отты дұрыс пайдаланбауынан немесе өрт қауіпсіздігі ережесін сақтамауынан туындап жататыны жасырын емес. Сол себепті көктемде шаруашылықтар егістік алқаптарды, бақшалық жерлерді пайдаланушылар өздеріне тиесілі жерлерді өртеу барысында және табиғат аясына шыққан азаматтар өрт қауіпсіздігін қатаң сақтауы тиіс. Сондай-ақ тұрғындар ашық отты қолданудан аулақ болу қажет. Орман – біздің байлығымыз. Сондықтан орманды сақтау, қорғау – бәрімізге ортақ.
Бауыржан КҮЗЕМБАЙ,
аға өрт сөндіруші
аға өрт сөндіруші