Тіршілік тынысы Tirshilik-tynysy.kz ақпараттық агенттігі

№96 газет

03 желтоқсан 2024 ж.

№95 газет

30 қараша 2024 ж.

№94 газет

26 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031 
» » 22 азамат жауапқа тартылған

22 азамат жауапқа тартылған

Өрт – адам өмірі мен ден­сау­лы­­ғына, қоғам мен мемлекетке зиян тигізіп, қоршаған орта мен та­биғатқа залал келтіретін тілсіз жау. Қоршаған ортадағы зат­тардың бақылаусыз жануынан туындайтын қауіп, әсіресе, көк­­тем-жаз айларында көбейе тү­се­ді. Үй-жай, дала алқаптары, шабын­дық, жайылымдық жерлер­дің өртке орануы адамдардың сал­ғырттығынан болып жатады.

Қауіптің алдын алу мен дала өртін болдырмау мақ­сатында ауданның мекемелер үйінің мәжіліс залында брифинг өткізілді.

Сырдария ауданы төтенше жағдайлар бөлімінің бастығы Нұрбол Сағынұлы дала өртінің алдын алу, өрт қауіпсіздігін сақтау жөнінде аудан халқын ақпараттандыру мақсатында аудандық БАҚ өкілдеріне айтып берді.

Аудандық төтенше жағдайлар бөлімімен аудан ау­мағында дала өртін болдырмау, алдын алу бағытында бекітілген жоспарға сәйкес жұмыстар атқарылуда.

Қазір өрттің орын алу мүмкіндігі жоғары маусым. Десек те, тілсіз жаудың мерзім мен мекен таңдамайтыны анық. Жалпы, өткен 2020 жылдың ішінде Сырдария ауданы бо­йынша 3 орман өрті, барлығы 101 жану оқиғалары тіркелген. Мұндай оқиғалардың кейбірі табиғи апат салдарынан (күннің ыстығынан тұтану, т.б.) болса, басым көпшілігі адам жауапсыздығының нәтижесі. 2020 жылы орын алған өрт пен жану оқиғаларына кінәлі 22 азаматқа ҚР ӘҚБтК-нің 410-бабына сәйкес әкімшілік құқық бұзушылық туралы хаттама толтырылған. От жағу кезінде атмосфералық ауаны қорғау және өрт қауіпсіздігі талаптарын сақтамаған тұлғаларға ҚР Заңнамасына сәйкес айыппұл салынатын болады.

– Өрт пен жану оқиғаларының 95 пайызы азаматтардың қарапайым өрт қауіпсіздігі талаптарын сақтамауынан. Атал­ған фактілерді болдырмау үшін белгіленген ережелерді негізге алу керек. Атап айтсақ, жеке тұрғын үй секторын немесе мекеме ауласын тазарту жұмыстарынан кейін қоқысты өртеу барысында мұқият болу, қураған шөптерді жағуды бастамас бұрын арнайы су қорын дайындау. Сонымен қатар өртеу жұмыстарын құрылыс орындарынан алшақ, қауіпсіз қашықтықта жүргізу қажет, – деді аудандық төтенше жағдайлар бөлімінің бастығы.

Бүгінгі таңда дала өртінің алдын алу мақсатында Сырдария орман және жануарлар дүниесін қорғау жөніндегі мекемесінде өртке қарсы жасақшы тобы құрылған. Сондай-ақ барлық ауылдық округтерде өртке қарсы ерік­ті құрылымдар, жасақшылар, бейімделген техникалар құрыл­ған.

Брифинг соңында тілшілер өрт қауіпсіздігіне қатысты сұ­рақтарын қойып, пайдалы ақпараттар алды.

Аружан МҰХАНБЕТҚАЛИ
17 сәуір 2021 ж. 505 0