Бүгін Шіркейлі ауылындағы бюджеттік сала өкілдерімен кездесу өтті. Кездесудің басты тақырыбы Мемлекет басшысы Қ.Тоқаевтың 1 қыркүйектегі Қазақстан халқына арнаған «Әділетті мемлекет. Біртұтас ұлт. Берекелі қоғам» атты Жолдауын қаржыгерлер, экономика саласы мамандарына насихаттау....
Республика көлемінде «Үздік ауыл» атанған Нағи Ілиясов ауылы қай істе де алдыңғы қатардан орын алып, үздік атануда. Ауыл тұрғындары көнеден ата кәсіп болған егін шаруашылығын жандандырып, Сырдың басты байлығы күріш өсіруде аймақ мерейін үстем етіп келеді. Саладағы жан-жақты өркендеу мен ұдайы алға жылжу...
Егіні бітік шығып, қырманына қыдыр қонған Ақжарма ауылында ала жаздай дала еңбеккерінің шаруасы қауырт болғаны белгілі. Аудандағы іргелі шаруашылықтың бірі – «Ақжарма-2» ШҚ диқандары ерте көктемнен Сыр саласының бабын табуға кіріскен болатын. Қай кезде де егіннің жай-күйіне қаныққан әрбір сала маманы...
«Бесарық» ЖШС-нің күрішшісі Еділ Оңалбаев биыл облыстық «Алтын дән – 2022» мерекесінде «Озат күрішші» номинация иегері атанды. Облыстың егінжай ерлері марапатталған тұста бесарықтық диқанның да мерейі үстем болды....
Сырдария ауданындағы шаруашылықтардың инженерлік жүйеге келтірілген жерлердегі дренаждық қашыртқы жүйелеріне тазалау, жөндеу жұмыстары жақсы жүргізіліп жатыр. Дегенмен, басым бөлігінде көп жылдардан бері тазалау, жөндеу жұмыстары жүргізілмегендіктен техникалық көрсеткіштері жобалық талаптарға сай...
Күз мезгілі – ауа райының салқындауына байланысты тұмау, ЖРВИ секілді эпидемиологиялық аурулардың асқынатын уақыты. Сондықтан қазіргі кезде әсіресе, жас балалар арасында ыстығы көтеріліп, жөтел, құсу секілді белгілері көптеп кездесуде. Осы ретте, мамандар ауданда аурушаңдық жағдай тұрақсыз екенін...
19 қазан – Құтқарушылар күні. 1995 жылдан бері адам өмірін сақтау үшін өз жанын шүберекке түйетін ауыр әрі жауапты саланың мамандары өз кәсіби мерекесін қазан айында тойлайды. Биыл төтенше жағдайлар қызметінің құрылғанына 27 жыл толды. Яғни, 1995 жылы Қазақстан Республикасы Президентінің...
Күріштен тау тұрғызған астықты өңір халқы берекелі шаққа мерекелі көңіл-күймен жетіп отыр. Биыл Сыр диқандары 188 500 гектар жерге егін егіп, күріштің әр гектарынан 56,7 центнерден өнім алып, жарты миллионға жуық ақмаржан өндірді. Ал сырдариялық еңбеккерлер 20728 гектар жерге Сыр дақылын егіп, әр гектарынан...
Ел Президенті Қ.Тоқаев ұлттық құрылтайда Республика күні мерекесін атаулы күндер қатарына қайта қосуды және еліміздің басты мерекесі ретінде атап өтуді ұсынған еді. Мұның негізі 1990 жылғы 25 қазанда Қазақ КСР Жоғарғы Кеңесінің шешімімен «Қаз ССР-нің мемлекеттік егемендігі туралы» декларацияның...