Тіршілік тынысы Tirshilik-tynysy.kz ақпараттық агенттігі
» » Егістік жерлердің мелиоративтік жағдайы

Егістік жерлердің мелиоративтік жағдайы

Сырдария ауданындағы шаруашы­лықтардың инженерлік жүйеге кел­тірілген жер­лердегі дренаждық қа­шырт­қы жүйе­леріне тазалау, жөндеу жұмыстары жақсы жүргізіліп жатыр. Дегенмен, басым бөлігінде көп жылдардан бері тазалау, жөндеу жұмыстары жүргізілмегендіктен техникалық көрсет­кіштері жобалық та­лаптарға сай емес.

Бұған қоса, барлық тік қашырт­қылардың істен шығуы да қиыншылықтар тудырып отыр. Соның салдарынан жер астылық ыза суларды егістіктен тыс жерлерге уақытылы тез шығара алмауда. Топырақтың жоғарғы құнарлы қабатының тұзданып сорлануына егістік жерлердегі жер астылық ыза сулардың жер бетіне жақын орналасуы себеп болуда. Жаз айларында егістікке су берілген кезден бас­тап жер астылық ыза сулар көтеріле бас­тайды. Күріш егілген алқаптарда жер асты сулары жер бетіне дейін көтеріліп егістікке берілген суарма сулармен қосылады. Тұздылығы жоғары минералды ыза сулардың жер бетінен 1 метрге дейінгі тереңдікте ұзақ уақыт жатуы топырақтың жоғарғы құнарлы қабатының тұзданып сорлануына әке­ліп соқтыруда. Бұл үшін ішкі қашыртқы каналдарын толық талапқа сай тазарту қа­жет. Ауылшаруашылық дақылдарынан заман талабына сай сапалы мол өнім алу үшін егістік жерлердің топырақ құнарлығын сақтап және дренаждық жүйелердің, ондағы гидротехникалық құрылыстардың жұмысын жақсартудың маңызы зор.

Н.Сейтенов,
«Қызылорда гидрогеологиялық-
мелиоративтік экспедициясы» РММ
Сырдария бөлімшесінің басшысы
18 қазан 2022 ж. 221 0