Тіршілік тынысы Tirshilik-tynysy.kz ақпараттық агенттігі
» » Сырдария ауданында мемлекеттік ту көтеру рәсімі өтті

Сырдария ауданында мемлекеттік ту көтеру рәсімі өтті

Бүгін Сырдария ауданында Республика күніне орай салтанатты түрде Мемлекеттік Ту көтеру рәсімі өтті. Іс-шараға аудан әкімі Берік Сәрменбаев, зиялы қауым өкілдері, мемлекеттік қызметшілер, полиция және білім саласының қызметкерлері қатысты.

Рәсім барысында Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Гимні орындалып, Мемлекеттік Ту биікке көтерілді. Бұл сәт қатысушыларға ерекше рух пен мақтаныш сезімін сыйлады.

Іс-шарада аудан әкімі тұрғындарды Республика күнімен құттықтап, ұлттық мерекенің маңызына тоқталды.

– Республика күні – еліміздің егемендігі мен мемлекеттілігінің бастауы болған тарихи мереке. Бұл күн – тәуелсіздігіміздің тұғырын нығайтып, елдігімізді айшықтайтын ерекше дата. Мемлекеттік Туымыз – тәуелсіздігіміздің, бірлігіміз бен асқақ рухымыздың символы. Баршаңызды ұлттық мерекемен құттықтай отырып, отбасыларыңызға амандық, бақ-береке, елімізге тыныштық пен өркендеу тілеймін. Тәуелсіздігіміз тұғырлы, бірлігіміз баянды болсын, – деді Берік Әбдіғаппарұлы.

Салтанатты рәсім елдік пен бірлікті ұлықтап, қатысушыларға ерекше әсер сыйлады.

25 қазан 2026 ж. 47 0