Тіршілік тынысы Tirshilik-tynysy.kz ақпараттық агенттігі
» » ҚАЗАНЖАППАЙ

ҚАЗАНЖАППАЙ

Паровоздай қою түтін будақтаған ошақ... Оның аузына төңкеріле жабылған қазан... Қара қазанды ернектей басқан қып-қызыл нан... Темір тостағанның түбін айнала шыжғырылған сары майдың мұрын жарар иісі... Айта берсе, көп.  Міне, мұның барлығы балалық шақты еріксіз еске түсіретін қымбат дүниелер. Расында, қазанжаппайдың дәмі ауылда өскен талай жанның таңдайында әлі күнге дейін сақталғаны сөзсіз. Бір өзінде тұтас ауылдың көрінісі ұйысып тұрғандай. Онда шала жанған оттың иісі де, қазақтың дарқан көңіліндей молшылық лебі де есіп тұратындай. Молшылық емей немене? Келген қонаққа ұсынылар бір қазан нанның өзі-ақ үй иесінің жомарттығын аңғартып тұр емес пе?
Үлкен баппен дайындалатын оның қыр-сырын менің анам да жақсы меңгерген. Сондықтан болса керек, біздің үйдің дастарқанынан бұл тағам үзілмейтін. Шаңыраққа келген сыйлы қонаққа да ұсынар анамның бірінші тағамы осы. Ыстық жалын бетке ұратын ошаққа қара қазанды төңкеріп жіберіп, әп-сәтте қып-қызыл нанды дөңгелетіп алатын. Сөйтіп, шыжғырылған сары майға қою сүт құйып, оған қант салып былай да былай шылағанда, ыстық нанның иісі бұрқ ете қалатын. Сырғып аққан судай жылпылдаған сары май нанды одан әрі балқытып, дәмін еселендіре түсуші еді. Қара суға иленген қамыр да осыншалықты дәмді болады екен-ау деп ойлаушы едік. Әйтпесе, ол кезде қазіргідей неше түрлі дәмдеуіштер қайдан болсын? Қайнаған жылы су мен бір шымшым тұз болса жетіп жатыр. Қалғаны аспазшының ептілігі мен шеберлігінің үлесінде.
Шындығында, халқымыздың ұлттық тағамдары – нағыз отандық бренд болуға әбден лайықты ғой. Мәселен, бұл күнде итальяндықтардың пиццасын, жапондардың сушиін, түріктердің донерін білмейтін адам кемде-кем. Ал, өзіміздің қазан­жаппайды ше? Ауыл адамдары немесе көненің көзін көргендер білмесе, қалалық қазақтар, оның ішінде жас­тар одан мүлде бейхабар десек артық айтқандық емес. Керісінше, бүгінде өзбек ағайындардың тандыр нанының саудасы қызып тұр. Осындайда қазақ үшін қадірі ерек қазанжаппай неге ауыл-аймақ айналасынан аса алмай қалды деген ой келеді. Тіпті, кейінгі кезде оны қазақылықтың қаймағын бұзбаған ауыл адамдарының дастарқанынан да сирек кездестіретін болдық. Мәселенің төркіні айналып келгенде өзіміздікінің қадіріне жете алмай, өз дәрежесінде дәріптей алмай отырғанымызда болып отыр. Әйтпесе, табиғи дәмі шетелдің шөп-шалаң қосылған тағамының алдын он орап әкететін қазанжаппайды сүйсіне жейтін қазақ әлі де бар. Тек насихат аз. Қоғамдық тамақтану орындарында ұлттық ас мәзірінен ойып тұрып орын берсек, қазанжаппайдың қадірі қайта жандана түсері сөзсіз. Біздегі тобықтай ой сол ғана.

Бағлан ТІЛЕУБЕРГЕНОВА.
05 қыркүйек 2018 ж. 4 953 628

online pharmacies от 11 тамыз 2022 07:54

best internet pharmacies от 13 тамыз 2022 05:05

certified canadian pharmacies от 14 қыркүйек 2022 16:30

overseas online pharmacy от 15 қыркүйек 2022 11:02

my canadian pharmacy online от 15 қыркүйек 2022 15:50

discount drugs от 16 қыркүйек 2022 01:44

great canadian pharmacy от 16 қыркүйек 2022 19:23

discount online pharmacy от 19 қыркүйек 2022 18:31

pharmacy prices compare от 19 қыркүйек 2022 21:36

best canadian online pharmacy reviews от 19 қыркүйек 2022 21:54

canadian pharmacies top best от 20 қыркүйек 2022 13:29

no 1 canadian pharmacy от 20 қыркүйек 2022 21:05

online pharmacy no prescriptions от 20 қыркүйек 2022 23:44

prescription cost comparison от 22 қыркүйек 2022 17:35

non prescription on line pharmacies от 23 қыркүйек 2022 23:14

drugs online от 25 қыркүйек 2022 15:04

canadian drugs pharmacy от 25 қыркүйек 2022 22:00

mexican pharmacy online reviews от 26 қыркүйек 2022 00:26

legitimate online pharmacies от 26 қыркүйек 2022 04:50