Тіршілік тынысы Tirshilik-tynysy.kz ақпараттық агенттігі

№ 98 газет

10 желтоқсан 2024 ж.

№97 газет

07 желтоқсан 2024 ж.

№96 газет

03 желтоқсан 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031 
» » Қазан кәуапты былай жасайды

Қазан кәуапты былай жасайды


фото: hulinaria.com

Қазан кәуапты дәмханалар мен мейрамханалардан жеп жүрген боларсыз. Алайда бұл тағамды үйде дайындауға да болады. «Қазан кебаб» деген сөзді естігенде көз алдымызға қуырылған тағам елестейді. Расында да «кебоб» сөзі – қуырма деген мағына береді екен. Қазан кәуапты жалпы қой етінен, картоп қосып әзірлейді. Бүгін сіздерге дәмді тағамның дайындалу әдістерін ұсынамыз.

Қажетті өнімдер:
  • 1,5-2 келі қой еті
  • 2 келі картоп
  • 0,5 келі пияз
  • Зире, тұз, ұнтақталған қара немесе қызыл бұрыш
  • 3-4 тіс сарымсақ
  • Өсімдік майы
Дайындалу тәсілі:
  • Қой етін ірілеп турайсыз. Туралған етті табаққа салып, қоя тұрыңыз. Сөйтіп етке дәмдеуіштер мен бұрыштарды салып, араластырыңыз. Тұз қосуды да ұмытпаңыз. Осы дәмдеуіштер етке сіңгенше 5-10 минут уақыт өтеді. Сонда еттің дәмі кіріп, қуыруға дайын болады.
  • Қазанды отқа қойып, 150 грамм өсімдік майын құясыз. Майды барынша қыздырып, етті салыңыз. Етті жартылай дайын болғанша қуыру керек.
  • Артынша тірілеп туралған пиязды саласыз. Жақсылап араластырып, біраз қуырасыз. Сосын ет піскенше бұқтырып қойған дұрыс. 20 минутта ет дайын болады.
  • Қазандағы дайын қуырманы бөлек ыдысқа салып аласыз. Сонда қазанның түбінде майы қалады. Осы майға картопты қуыруға болады.
  • Ол үшін алдымен картоптың қабығын аршып, тазалап жуамыз. Сөйтіп ет қуырылған қазанға салып, қуырамыз. Картопты бөліктерге бөлудің қажеті жоқ. Барлығын бүтіндей саласыз. Дәміне қарай тұз салып, картопты қызарғанша қуырыңыз.
  • Енді қуырылған картопқа дайын етті салу керек. Ет пен картопты жақсылап араластырып, жай отта бұқтырады.
  • Тағамның дайын болуына 5 минуттай уақыт қалғанда сарымсақты салып жібересіз. Бұл естен шығып кетпеуі тиіс. Сарымсақтың иісі шыға бастағанда қазанды оттан алып, дастарханға ұсына бересізз.
Қазан кебабты дайындаудың еш қиындығы жоқ екен. Әрбір үйбикесі бұл асты дәмді етіп дайындай алады деген ойдамыз. Астарыңыз дәмді болсын!
Дайындаған - Құрманкүл ӨМІРЗАҚҚЫЗЫ,
ERNUR.KZ
10 шілде 2018 ж. 1 179 0