Тіршілік тынысы Tirshilik-tynysy.kz ақпараттық агенттігі
» » «ҚазАвтоЖол» бес облыстағы жүргізушілерге ескерту жариялады

«ҚазАвтоЖол» бес облыстағы жүргізушілерге ескерту жариялады

«ҚазАвтоЖол» 5 қарашада Абай, Алматы, Жетісу, Батыс Қазақстан және Шығыс Қазақстан облыстарындағы республикалық маңызы бар автожолдарда ауа райының қолайсыз болуына байланысты жүргізушілерге ескерту жариялады, деп хабарлайды Egemen.kz.

Аталған өңірлерде жаңбыр аралас қар, кей жерлерде қар жауады деп болжанып отыр.

«Бүгін Абай, Алматы, Жетісу, Батыс Қазақстан және Шығыс Қазақстан облыстарында жаңбыр аралас қар жауып, кей жерлерде қар күтіледі. Осыған байланысты республикалық автожолдардың жекелеген бөліктерінде көріну қашықтығы төмендеп, жол беті тайғақ болуы мүмкін. Жүргізушілерді ауа райын ескеріп, қауіпсіз арақашықтықты сақтауға және жол жағдайына қарай жылдамдықты таңдауға шақырамыз», делінген «ҚазАвтоЖол» хабарламасында.

Сурет: Нұрболат НҰРЖАУБАЙ
05 қараша 2026 ж. 103 0