Тіршілік тынысы Tirshilik-tynysy.kz ақпараттық агенттігі
» » Елена Рыбакина WTA қорытынды турнирі қарсаңында жанкүйерлерге сөз арнады

Елена Рыбакина WTA қорытынды турнирі қарсаңында жанкүйерлерге сөз арнады

Қазақстанның және әлемнің бірінші ракеткасы Елена Рыбакина көрермендерді WTA қорытынды турнирінің ойындарын көруге шақырды, деп хабарлайды Кaz.inform.kz.

Теннисші Instagram әлеуметтік желісіндегі Tennis Channel парақшасында жанкүйерлерге сөз арнады.

— Барлығыңызға сәлем! Мен мұнда, Индиан-Уэллсте болғаныма өте қуаныштымын. Біздің ойынымызды қарауға келіп, маусымның соңғы теннис аптасын тамашалаңыз. Әрине, мені жыл бойы қолдаған барлық жанкүйерлерге алғысымды айтамын. Ендеше, кортта тезірек кездескенше! — деді Елена Рыбакина. 

Қазақстандық теннисшінің 8-15 қараша аралығында өтетін WTA қорытынды турнирінде бірінші топта өнер көрсететіні белгілі.

Елена Рыбакина алғашқы матчын 8 қарашадан 9-ына қараған түні чехиялық Линда Носковамен өткізеді. 

Содан кейін америкалықтар Кори Гауфф пен Джессика Пегулаға кезек келеді. Америкалық теннисшілердің өз алаңында ойнайтынын ескерсек, бұл матчтар да оңайға түспейді.

Жарыс регламентіне сәйкес қатысушылар өз тобында бір-бірімен кездеседі. Әр топтан екі үздік теннисші плей-офф кезеңіне жолдама алады. 

Өткен жылы қорытынды додада Елена Рыбакина барлық бес бәсекесін жеңіспен аяқтап, соның ішінде финалда А.Соболенконы ұтқан болатын. Биыл сол чемпиондық атағына қоса 2 мың рейтингілік ұпайын қорғайды. 


Фото: ҚТФ
05 қараша 2026 ж. 45 0