Тіршілік тынысы Tirshilik-tynysy.kz ақпараттық агенттігі
» » Депозиттерге салық салына ма: Министрлік түсініктеме берді

Депозиттерге салық салына ма: Министрлік түсініктеме берді

Әлеуметтік желілерде жеке тұлғалардың банктік депозиттері бойынша алатын сыйақысына салық салынады деген ақпарат тарады. Аталған жайтқа қатысты Ұлттық экономика министрлігі түсініктеме берді, деп хабарлайды Egemen.kz.

Ұлттық экономика министрлігінің хабарлауынша, Үкіметте мұндай салық енгізу мәселесі қарастырылып жатқан жоқ.

«Салық кодексінің 430-бабына сәйкес, жеке тұлғалардың банктік салымдары (депозиттері) бойынша алатын сыйақысына жеке табыс салығы салынбайды», делінген министрліктің ресми хабарламасында.

Осыған байланысты Жалған ақпаратқа қарсы іс-қимыл орталығы азаматтарды қоғамда негізсіз алаңдаушылық пен әлеуметтік шиеленіс тудыруы ықтимал ақпаратты таратуда жауапкершілік танытуға шақырды.

Сурет: Нұрболат НҰРЖАУБАЙ
05 қараша 2026 ж. 72 0