ӘСКЕРИ МАМАНДЫҚ– МАҚТАНЫШ
Қазақстан Республикасының 2012 жылғы 16 ақпандағы № 561-IV «Әскери қызмет және әскери қызметшiлердiң мәртебесi туралы» Заңына және Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрінің 2016 жылғы 22 қаңтардағы №35 бұйрығына сәйкес, аудан көлемінде орналасқан барлық оқу мекемелеріндегі және мектептердегі талапкерлерді 2018 жылға Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігіне қарасты әскери оқу орындарына баруына болады. Атап айтқанда, Құрлық әскерлерінің Әскери институты, Радиоэлектроника және байланыс әскери-инженерлік институты (Алматы қаласы), Кеңес Одағының Екі мәрте батыры Т.Ж.Бегельдинов атындағы Әуе Қорғанысы Күштерінің Әскери институты (Ақтөбе қаласы), «Арыстан» мамандандырылған лицейіне (8-9 сыныптан кейін қабылданады), Ш.Уәлиханов атындағы Кадет корпусы (Щучинск қаласы) әскери мамандықтарды даярлайды және Әуе Қорғанысы Күштері Әскери институтының базасындағы Әскери-медициналық факультет пен Әскери медицина (клиникалық практика құқығымен 5 жыл бакалавриат + 2 жыл интернатура) біліктіліктері беріледі (Ақтөбе қаласы).
Бұдан бөлек, Қазақстан Республикасының «Әскери қызмет және әскери қызметшілердің мәртебесі туралы» Заңының 9-бабы және 12-бабын «Азаматтарды әскери-техникалық және басқа да әскери мамандықтар бойынша даярлауды» басшылыққа ала отырып, әскери-техникалық және басқа да әскери мамандықтар бойынша мамандар даярлауда. Оған өтеусіз (ақысыз) негізде әскери-техникалық және басқа да әскери мамандықтар бойынша даярлауға денсаулық жағдайы бойынша әскери қызметке жарамды, оны аяқтағаннан кейін мерзімді әскери қызметке шақырылуға жататын азаматтар тартылады.
Сонымен қатар, ҚР ҚМ «Әскери техникалық мектебі РМҚК» Қызылорда филиалына әскер жасындағы жастардан (18-26 жас аралығы) «В,С1,С» санаттағы әскери жүргізушілерді дайындауға әскерге шақырылушылар арасынан іріктеу жұмыстары жүргізілуде. Оқу мерзімі 2018 жылдың 15 қаңтар мен 30 сәуір айлары аралығы деп белгіленген. Оқу барысында тегін түскі аспен қамтамасыз етілген. Оған қоса, Қазақстан Республикасының «Әскери қызмет және әскери қызметшілердің мәртебесі туралы» Заңының 12-бабына сәйкес, «Әскери-техникалық мектебі» РМҚК Қызылорда филиалында ақылы негізде атқыш (стрелок) мамандығы бойынша әскерге бармаған азаматтарды даярлау жүргізілмек. Оқу талаптары: денсаулық жағдайы жақсы, жасы 24-27 жас аралығы, қылмыстық жауапкершілікке тартылмаған және жоғары, арнаулы орта, орта білімі болу керек. Оқу мерзімі 40 күн. Оқу барысында жоғарыда көрсетілген заңдылық бойынша жұмыс орны сақталады. Оқуды бітірген әрбір азаматқа әскери мамандық алғаны жөнінде сертификат беріледі және сол сертификат негізінде әскери билет беріліп, әскери міндеттілер есебіне қабылданады. Аталған мектепті бітірген азаматтар еліміздегі барлық әскери бөлімдерде келісімшарт бойынша әскери қызметін өткере алады.
Осы әскери оқулар мен мамандықтар бойынша толық ақпаратты Сырдария ауданының қорғаныс істері жөніндегі бөлімінен алуға болады.
Жәнібек ЕСЕПБАЕВ,
Сырдария аудандық қорғаныс істері
жөніндегі бөлімінің қызметкері
Пікір 2