ҮЛГІЛІ САРБАЗ – ӘДІЛЕТ
1998 жылы дүниеге келген Әділет Сабыров аудан орталығындағы №35 Иса Тоқтыбаев атындағы мектеп-лицейдің түлегі. Мектеп қабырғасында оқып жүріп түрлі спорттық додаларда көзге түскен ол саламатты өмір салтын ұстанған жас. Былтырғы жылы әскерге аттанған Әділет азаматтық парызын Қапшағай қаласында өтеп келді. Аталған қаладағы №32/363 әскери бөлімде жерлесіміз десанттық-шабуылдаушы ротасының сарбазы ретінде жақсы қырынан танылған. Соның негізінде ол әскери бөлімнің командирі, гвардия полковнигі М.Гусейновтен екі мәрте мадақтама қағазын алған. Мадақтама қағазында Әділет Сәбитұлының «Қаратау-2017» жедел стратегиялық жаттығуына белсене қатысып, үздік көрсеткіштерге қол жеткізгені жазылған. Сонымен бірге, әскери тәртіпті сақтап, тапсырылған жұмысты тиянақты, уақытылы, сапалы орындағаны баяндалған.
Жас сарбаз парашютпен секірудегі ерлігі үшін арнайы сертификат та иеленіпті. Аз ғана уақыттың ішінде жарқын жетістіктерге жеткен қатардағы жауынгердің ата-анасына әскери бөлім арнайы Алғыс хат жолдапты. Алғыс хатта Әділеттің әкесі Сәбит Сабырұлы мен анасы Алтынай Аймағамбетқызына тәрбиелі, алғыр, қоғамдық іс-шараларға белсене қатысатын, әскери қару-жарақтарды шеберлікпен басқаратын азаматты тәрбиелегені үшін алғыс айтылған. Және де әскери бөлімінң командирі жалынды жастың алдағы уақытта ел дамуына лайықты үлес қосатынына сенім білдірген.
«Жігіт болсаң шоқ бол» деген қанатты сөзді өмірлік ұстаным еткен жалынды жас өз замандастарына үлгі-өнеге көрсете білді. Оның алға қойған мақсаты да айқын. Тәуелсіз елдің рухы биік ұланы бізбен әңгімесінде егемен елді өркендетуге өз үлесін қосуды көздейтінін айтты. Лайым, жігерлі жастың болашағы жарқын болғай...

Ақтөре ИБРАГИМҰЛЫ
Пікір 2