Тіршілік тынысы Tirshilik-tynysy.kz ақпараттық агенттігі

№96 газет

03 желтоқсан 2024 ж.

№95 газет

30 қараша 2024 ж.

№94 газет

26 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031 
» » КЕЛЕЛІ МӘСЕЛЕЛЕР ТАЛҚЫЛАНДЫ

КЕЛЕЛІ МӘСЕЛЕЛЕР ТАЛҚЫЛАНДЫ

Сессияның күн тәртібінде 16 мәселе қаралды. Алғашқы мәселе аудан бойынша туберкулез ауруымен күресті күшейту және жақсарту шаралары туралы болды. Аталмыш мәселе жөнінде «Амбулаториялық емханалық қызметі бар» Сырдария аудандық орталық ауруханасының бас дәрігері Н.мырзағалиева баяндама жасады. Бас дәрігер аудан көлемінде туберкулезбен күресті күшейту шараларын түсіндіріп, туберкулезбен аурушаңдық деңгейі өткен жылдарға қарағанда төмен екендігін жеткізді. Сала мамандарының емделушілерге жасап жатқан жүйелі жұмыстары жайлы айтты. Қосымша хабарламаны Сырдария ауданының туберкулезге қарсы диспансерінің бөлімше меңгерушісі Ұ.Түреев, аудандық мәслихат депутаты Б.Есназар жасады.
Бөлімше меңгерушісі аудандық туберкулезге қарсы диспансерінің ғимараты 2006 жылдан бастап қолданысқа берілгендігін, содан бастап халыққа жұмыс жасап келетіндігін жеткізді. Бұнда қазіргі таңда ересек науқастарға арналған 60 төсек орын қамтылған. 2015 жылы 50 төсек орынға 99 науқас жатып, 76 науқас емделсе, былтыр жалпы саны 79 науқас ем алған. Есепті мерзімде 64 науқас жатқызылып, 32 науқас емделген. Осы және басқа да атқарылған жұмыстарды жеткізген Ұ.Түреев емделушілерді сауықтыру шаралары жөнінде де айтып өтті. Өз кезегінде аудандық мәслихат депутаты Б.Есназар осыдан бірер күн бұрын аудандық мәслихат хатшысының уақытша комиссия құру туралы өкімі негізінде комиссия мүшелері аудан бойынша туберкулез ауруына қарсы күресті күшейту және жақсарту шараларына зерттеу, зерделеу жұмыстары жүргізілгенін атап өтті.
Сессияның келесі мәселелері бойынша сала басшылары мен мамандары бірқатар баяндамалар жасады. Атап айтқанда, екінші мәселе «2017-2019 жылдарға арналған аудандық бюджет туралы» аудандық мәслихаттың 2016 жылғы 22 желтоқсандағы №79 шешіміне өзгерістер енгізу туралы, үшінші мәселе №8 «Шіркейлі сайлау округінің депутаты А.Камалатдиннің өкілеттігін тоқтату туралы», төртінші мәселе №5 Ә.Тәжібаев сайлау округі бойынша шығып қалған депутаттың орнына сайлау қорытындысы туралы, бесінші мәселе «VI шақырылған аудандық мәслихаттың экономика, өндіріс салалары, ауыл шаруашылығы, құрылыс, экология және табиғатты қорғау жөніндегі тұрақты комиссияның құрамын бекіту туралы», алтыншы мәселе «VI шақырылған аудандық мәслихаттың білім, денсаулық, мәдениет, әлеуметтік сала, жастар ісі, құқық қорғау, қаржы және бизнес жөніндегі тұрақты комиссиясы құрамын бекіту туралы» аудандық мәслихаттың 2016 жылғы 25 наурыздағы №7 шешіміне өзгеріс енгізу туралы, жетінші мәселе «Қоғамдық кеңес құрамын бекіту туралы» аудандық мәслихаттың 2016 жылғы 10 ақпандағы №376 шешіміне өзгеріс енгізу туралы», Сегізінші мәселе «Аудан әкімдігі жанындағы құқық бұзушылық профилактикасы жөніндегі ведомствоаралық комиссиясының құрамын бекіту туралы», тоғызыншы мәселе «Сырдария ауданы әкімдігі жанындағы сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес комиссиясының құрамын бекіту туралы», оныншы мәселе «Сырдария ауданы әкімдігі жанындағы жас­тар істері жөніндегі кеңес құрамын бекіту туралы» аудандық 2016 жылғы 21 қыркүйектегі № 60 шешіміне өзгерістер енгізу туралы», он бірінші мәселе «Аудан әкімдігі жанындағы діни бірлестіктермен байланыс­тар жөніндегі аудандық кеңес құрамын бекіту туралы», он екінші мәселе «Қазақстан Республикасының мемлекеттік рәміздері жөніндегі аудандық комиссиясының құрамын бекіту туралы» аудандық мәслихаттың 2012 жылғы 20 наурыздағы кезекті ІV сессиясының №32 шешіміне өзгерістер енгізу туралы, он үшінші мәселе «Үкіметтік емес ұйымдармен өзара іс-қимыл және әріптестік жөніндегі аудандық кеңес құрамын бекіту туралы» аудандық мәслихаттың 2012 жылғы 20 наурыздағы кезекті ІV сессиясының №31 шешіміне өзгерістер енгізу туралы, он төртінші мәселе «Әйелдер істері және отбасылық-демографиялық саясат жөніндегі комиссия құрамын бекіту туралы», он бесінші мәселе «Адамдарды заңсыз әкетуге, әкелуге және сатуға қарсы күрес мәселелері жөніндегі аудандық комиссия құрамын бекіту туралы» аудандық мәслихаттың 2014 жылғы 14 наурыздағы кезекті ХХVІІ сессиясының №217 шешіміне өзгерістер енгізу туралы», он алтыншы мәселе «Сырдария аудандық мәслихатының кезекті сессиясының төрағасын сайлау туралы» болды. Аудандық мәслихат депутаттары сессия барысында көтерілген мәселелерді кеңінен талқылап, сала мамандарына сауалдар жолдап, тұщымды жауаптарын алды. Сессияда аудандық сайлау комиссиясының төрағасы Е.Ахетов №5 «Ә.Тәжібаев» сайлау округі бойынша жаңадан сайланған мәслихат депутаты Е.Жақыповты таныстырып, сайлау мандатын тапсырды.



Балтабай АЯБЕКҰЛЫ,
журналист
23 қараша 2017 ж. 1 544 0