Тіршілік тынысы Tirshilik-tynysy.kz ақпараттық агенттігі
» » ҚАСҚЫРДЫҢ ҚАЙЫРЫМДЫҒЫ

ҚАСҚЫРДЫҢ ҚАЙЫРЫМДЫҒЫ


«Қасқыр да қас қылмайды жолдасына» дейді халық даналығы. Бөрілердің бір-бірене бауырмалдығы жөнінде мынадай бір әңгімені жуықта Аманкелді Имашұлы деген замандасымнан естідім. Өзі мерген, аңшылықпен көп айналысқан жігіт еді. Қасқырды ұлып, шақырып атады. «Бірде қасқырдың апанына кез болдым. Ішіне түссем енесі жоқ, тек күшіктері ғана ұмар-жұмар болып жатыр екен. Бауырларын жаңа көтерген тәрізді. Оларды алуды кейінге қалдырып қаншық қасқырдың келуін күтіп жасырынып жаттым. Күн еңкейген тұста ауызында тістеген азығы бар, солаң етіп жетіп келді. Жалғыз оқпен жайраттым да күшіктерін тірідей қапқа салып, енесімен бірге бөктеріп алдым. Апанға бір күшікті қалдырдым да әншейін әуестікпен құлағына ен салып кеттім. Ондағы ойым тірі қалған күшікке бола апанға арланның айналып соғатынын білемін. Сол кезде оны да жайратпақшымын.
Дегенмен қасқыр інін аптадай торуылдасам да арланды қанжығаға байлаудың сәті түспеді. Апандағы ойранды көріп басқа жаққа ауып кетті ме, әлде басқа бір мергеннің нысанасына ілінді ме, ол жағын біле алмадым. Ақыры, неде болса өзім қалдырып кеткен бөлтірікті алайын деп апанға түссем әлгі ен салған жалғыз күшігім жоқ. Нағыз апанға түсіп күшік алатын жазғытұрымғы мезгіл ғой, сол төңіректі тіміскілеп жүріп кешікпей тағы бір апанның үстінен шықтым. Апанда ересек қасқырлар жоқ екен, әдетімше, күшіктерді желкесінен көтеріп бір-бірлеп қапқа сала бастадым. Мына қызықты қараңыз, алты күшіктің біреуінің құлағында ені бар екен. Бажайлап қарасам, баяғы өзім салған ен. Әуелі аң-таң болдым. Соңынан түсіндім. «Қасқыр екеш қасқыр да жетімін жалғыз тастамай бауырына басады екен ғой. Жат та болса өз нәсілін жауға қалдырмай асырап бағады екен ғой» деген ойға келдім» деп еді Аманкелді әңгімесін толғана аяқтап.
Аманжол Ақынұлы
22 қаңтар 2018 ж. 2 244 1

Гость JeaOrer от 9 ақпан 2019 12:21
Viagra Paypal Accepted Usa Canadian Drug Stores generic 5mg cialis best price Baclofene Canada Propecia A 7 Dias Tratamiento Propecia Viagra Ordonnance Belgique Propecia To Buy Propecia viagra vs cialis Is Amoxicillin Good For Strep Throat Registro De Propecia Order Ciiais Over Phone where to buy cialis online safely Cialis Achat Internet Forum Jalea Comprar Kamagra Buy Cialis Super Active Plus Priligy Janssen Cilag Finpecia Propecia Finasteride 1mg Amoxicillin Threat Meningitis buy viagra Viagra Sales Las Vegas Kamagra Online Safe Pharmacology Cephalexin Can I Take Aleve With Amoxicillin generic cialis Propecia Teva Propecia Forehead Interaction Between Amoxicillin And Alcohol http://allngos.com Viagra Rezeptpflichtig Holland Proscar Caida Pelo Propecia Que Es Cialis Y Para Que Sirve