Тіршілік тынысы Tirshilik-tynysy.kz ақпараттық агенттігі
» » Қасқырды атуға тыйым салынды

Қасқырды атуға тыйым салынды


Ақмола, Қарағанды, Қостанай, Ақтөбе облыстарында екі жыл мерзімге қасқырды атуға мораторий жарияланды. Бұл туралы «ҚазАқпарат» ХАА хабарлайды, ҚР АШМ Орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі комитетінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Мораторий 2018 жылдың 1 қаңтарынан бастап күшіне енген. Қасқырды аулауға белгілі бір лимит беріледі, яғни тек адам мен малға шапқан кезде ғана оны атуға рұқсат. Комитеттің баспасөз қызметі хабарлағандай, аталған төрт өңірде қасқырдың саны күрт азайған. Жыртқыштың «санитар» ретінде табиғатта рөлі өте зор екені мәлім. Қазір еліміз бойынша 14500-ге жуық қана қасқыр қалған.
22 қаңтар 2018 ж. 1 374 0