ӘКЕ НЕГЕ ШЕШЕДЕН КЕЙІН ТҰРАДЫ?
Қою түннің құшағы жалғыздың ойын сан-саққа әурелейтін әдет емес пе, есіңе қайдағыны түсіреді. Перзент – жеміс, әке соның ағашы ғой, болашағына көз шаламын. Бүгінгі баладан, ертең зіңгіттей азамат шығады. Содан кейін белгісіз. Өйткені әлі көргенім жоқ айта алмаймын...
Ауылдас ақсақалдың төсек тартып жатып: – Е, құдайым мені әйелімнен бұрын ал! Соңғы тілегімді орындай гөр! – дегенін құлағым шалып еді. Неге бұлай? Әрине, шал кісі үйде сыймайды. Оның кір-қоңын жуатын да, уәжін тыңдайтын да жалғыз кемпірі. Есегі судан өткесін кейбір балаға "бүлдіріп қояр" әкенің керегі шамалы...
... Сот залы. Тергеу ісінен кейін айыпталушыға сот соңғы сауалын тастады.
– Ұрлықты не үшін жасадың?
– Қажет болды.
Бірақ кім үшін қажет еді, олар бас қатырмайды. Ол он жылды арқалап, түрмеге кетті. Одан оралды, қылмыскер деп балаға дейін бетін бұрмады. Жүрегі жылап әке қалды.
Есіңізде болса, мүлікті жеке басына пайдалану мүмкін емес. Тапқан пайдасын үйіне тасымай ма? Неге соны түсінбейді бала?
"Көргенді көгершін әке-шешесінен үш бұтақ төмен қонақтайды" дейді жапон мақалы. Ал қазақтар "Алты аға бірігіп әке болмас, жеті жеңге бірігіп ана болмас" деген. Тіпті бір кемпірдің "Отыз ұлым болғанша, осырақ шалым болсын" дейтіні неліктен? Демек, мәні тереңде.
Лев Толстойдың әдемі әңгімесінде мынадай сюжет орын алған. "Бір үйде төрт адам. Ата, бала, келін, немере. Кәрі кісі тәрелкені сындырып алады деп, келіні атасына тамақты темір табақпен береді. Бір күні шалдың немересі ағаш жоныпты. – Балам не істеп отырсың? – дейді сонда ата-анасы.
– "Ертең сендер қартайып, атам сияқты болғанда тамақ ішетін астау жасап отырмын" – депті баласы. Міне, тәрбие.
Жасыратын несі бар, ішкі сырымызды алдымен анамызға ақтарамыз. Әлде жырмалап қалтаға әрдеңе тыққаннан ба, әлде туғаны үшін бе?
Әкенің ащы алақанынан қашып анамызды паналайтын кездер көп. Мүмкін сондықтан ба? Жылы сөзімен жабырқаулы шақта жадыратып тастайтын мінезінен бе? Әйтеуір, болмысы әрдайым биік.
Ақшаны арқалап келсе де кім жаман? Әке. Білегін сыбанып баспана салса да сол әдет. Мал өсіріп, ауызды аққа толтыратын да, үйдің "бес қару" үміті де әке. Сонда бір күнгі балағаты үшін бүкіл өміріне өкпелейміз бе?
Соғыс кезінде сатқын санап әкесін атқандар да кездесті. Ол өсіргені үшін сатқын ба? Жоқ, батырлық па?
Қазақ мақаласында барлық тақырып жетерлік. Әсіресе, "әке көрген оқ жонар", "Әке асқар тау" деп мақтап келіп, "Әкенің ауруын жасырасың, өлгенде қайтесің", "Әкесін ұрғанды көріп едік, арбаға байлап ұрғанды бірінші көруім" дейтіндер кері жағдайда. Бұл қарама-қайшылық белгісі.
Рас, бәрін бірдей алтындай ардақты деу артықтық шығар. Дегенмен әкенің орны әке ғой.
Біздің, қазақ француздардың мәдениеті, американдықтардың іскерлігін, кәріс пен қытайдың еңбекқорлығын, өзбектің үнемшілдігін үйренбей-ақ ата-салтымен бәрінен озық еді ғой. Не боп барамыз сонда?
Ғалым Қайқаус 63 жасында ұлы Гиланшахқа арнап: "Ей перзентім, ата-ананы құрметтеудің қажет екенін ақыл-ой, парасат тұғырынан байқап білгейсің. Өйткені әрбір перзенттің тегі ата-ана ғой. Не үшін ата-анама құрмет жасаймын деп ойыңа алма. Олар осы үшін өзін өлімге де қиятыны белгілі" – депті. Бұл "ата сыйласаң, алдыңа келедінің" кері. Демек, ұғын, ұл бала!
Бірде байқаусызда әкесін құтырған ит қауып, соңы жазылмас жараға айналған оқиғаны көргенмін. Балалары күшпен баса алмай, жіппен байлап ұстады. Асқынған ауру айықпағасын ауруханаға апарды. Керуетке таңып тастап, емдемек болды. Ол әл бермейді. Әбден мазасы таусылған дәрігерлер енді бәрі кеш екенін ұлына ескертті. Өлтіру жөнінде тілхат беруін сұрағанда баласы қимай жылағанда төбе шашың тік тұрады. Ақыры келісті. Екпе сылқ құлатты Сондағы перзентінің әкеге деген сүйіспеншілігі сонша, ажалға қолдан жібергісі келмеді. Міне, мұндайлар ғана әке қадірін білетіндер-ау. Ал, қазіргілер, қарияны зейнетақысы үшін амалсыз ұстап отыр.
Шаңырақты бұрын үйдің тұңғышы немесе кенжесі иеленіп, соның қолында қалатын. Бүгінде қай келіні тәуір, сол таңдап алынады. Себебі бәрі жөн-жосықты түсінетін келінге байланысты. Кезінде үш тату азаматты араздастырып, ажырастырған әйел емес пе? Сондықтан осылай етуге мәжбүр. Сөз басындағы баламның азамат шағын білмейтінім, маңдайына қандай келін бұйыратыны еді. Болымды болса – бағым, солақай келсе – сорым. Енді сездіңіздер ме, әкелер! Жалпы, бағатын бала болса, өлетін кәрі жоқ. Ендеше сыйласайық, әке атына лайық болайық.

https://syr-media.kz/