Тіршілік тынысы Tirshilik-tynysy.kz ақпараттық агенттігі
» » Тоғыз саны

Тоғыз саны

ТоÒÑз ÑанÑТоғыз дегеніміз — тоғыз жау:
1. Жаман жақын жау.
2. Опасыз қатын жау.
3.  Шабан атың жау.
4.  Тебеген биең жау.
5. Күншіл күйеу жау.
6. Тартыншақ түйең жау.
7. Мыстан жиен жау.
8. Тілазар ұлың жау.
9.  Арсыз қызың жау.
 
Тоғыз қайырсыз:
1. Өнім бермеген ұрық қайырсыз.
2. Жер көгертпеген жауын қайырсыз.
3. Әке-шешеге опа қылмаған бала қайырсыз.
4. Шәкірт тәрбиелемеген дана қайырсыз.
5. Бала таппаған қатын қайырсыз.
6.Үйге қарамаған ер қайырсыз.
7.Сүт шықпаған емшек қайырсыз.
8. Халқына қайыры тимеген ер қайырсыз.
9.Еліне қоныс болмаған жер қайырсыз.
 
Тоғыз тоқал:
1. Мүйізі жоқ мал тоқал.
2. Теңі жоқ шал тоқал.
3. Әйелі бар ерге тиген қыз тоқал.
4. Ұшы мұқырылған біз тоқал.
5. Көзі жоқ жан тоқал.
6. Халқы жоқ хан тоқал.
7.  Отырып қалған қыз тоқал.
8.  Көрері жоқ көз тоқал.
9. Бала таппаған қатын тоқал.
 
Тоғыз міскін:
1. Тілі жоқ сақау міскін.
2. Құлағы жоқ саңырау міскін.
3. Көзі жоқ соқыр міскін.
4. Қолы жоқ шолақ міскін.
5. Аяғы жоқ, ақсақ міскін.
6. Мұрыны жоқ пұшық міскін.

7. Отырып қалған қыз міскін.
8. Пұшпағы қанамаған қатын міскін.
9. Көмілмей қалған мәйіт міскін.
 
Тоғыз тақыр:
1. Шөбі жоқ жер тақыр.
2. Түгі жоқ ер тақыр.
3. Оты жоқ ошақ тақыр.
4. Асы жоқ қазан тақыр.
5. Құрғаған құдық тақыр.
6. Бедеу қатын тақыр.
7. Белсіз ер тақыр.
4. Бермес бай тақыр.
5. Сусыз сай тақыр.
 
Тоғыз тоқ:
1. Тек жүргеннің көңілі тоқ.
2. Сулы жердің көлі тоқ.
3. Еңбек еткеннің қарыны тоқ.
4. Адал жүргеннің ары тоқ.
5. Баласы бардың бағы тоқ.
6. Бақшасы піскеннің бағы тоқ.
7.  Қызы бардың ізі тоқ.
8. Ұлы бардың өзі тоқ.
9. Жақсының жаны тоқ.
 
Тоғыз дегеніміз - тоғыз мүғжиза:
Аллатағала Мұса пайғамбарға мынадай тоғыз мұғжиза дарытқан:
1.     Киелі аса таяқ.
2. Қолдың ағарып жарқырауы
3.     Шегіртке.
4.     Бит.
5.     Бақа.
6.     Қан.
7.     Тастан су шығару.
8.     Теңіз суының қақ жарылуы.
9.     Тур тауының төбеге көтерілуі.
Болат Бопайұлы Жота Қажы
«Қамшы» сілтейді
29 шілде 2018 ж. 1 052 1

Гость JeaOrer от 12 ақпан 2019 06:10
Priligy Usa Shipping Forum Cialis 20 Cialis Vendo cialis without a doctor's prescription Cheap Cytotec No Prescription Vrdrug