32 жастағы жігіт тоғыз жасынан бастап қолмен жүруді үйренген
Эфиопиялық 32 жастағы Дирара Абохой қолымен жүргенді жақсы көреді. Ол тіпті, беліне арқан байлап ауыр дөңгелекті қолымен жүріп сүйреген. 32 жастағы жігіт тоғыз жасынан бастап қолымен жүре бастаған. Кішкетайынан неше түрлі фильмдерді көріп өскен Дирара кинодағы неше түрлі көріністерді шынайы деп ойлап келіпті.
«Мен қытайдың және американың фильмдерін көп көретінмін. Онда актерлер барлық қимылды өздері жасайды деп ойлайтынмын. Фильмдегі көріністің бәрі шынайы деген ойда болдым. Содан кейін күн сайын таңертең және кешке үш-үш сағаттан қолмен жүруге жаттыға бастадым»,-дейді жігіт.Дереккөз: stan.kz