ТӨРТ САНЫ
Төрт дегеніміз — төрт періште:
1. Жебірейіл періште. Алланың әмірін пайғамбарларға жеткізуші. Жақсылық хабар әкелуші.
2. Мекайыл періште. Алланың өмірімен табиғат құбылыстарын бақылаушы. Жел шығарып, жаңбыр жаудырып, жср ырысын тасушы.
3. Исрафил періште. Алланың әмірімен ахирет күні, қиямет түні өлген адамдарды қайта тірілтуші, жан салушы.
4. Әзірейіл періште. Алланың әмірімен ажалы жеткен, күні біткен, ырзығы таусылған жандардың жанын алушы, бақиға қайтарушы.
Алладан түскен торт кітап:
1. Таурат - Мүса пайғамбарға түскен.
2. 3абүр - Дәуіт пайғамбарға түскен.
3. Інжіл - Ғайса (Иса) пайғамбарға түскен.
4. Құран - Мұхаммед пайғамбарға түскен.
Адам денесіндегі төрт қара:
1. Шашы қара.
2. Қасы қара.
3. Кірпігі қара.
4. Көзінің қарашығы қара.
Адам денесіндегі төрт ақ:
1. Тісі ақ.
2. Тырнағы ақ.
3. Терісі ақ.
4. Көзінің ағы.
Адам денесіндегі төрт қызыл:
1.Тілі қызыл.
2. Ерні қызыл.
3.Тісінің түбі қызыл.
4.Кеңсірігі қызыл.
Адам денесіндегі төрт жұмыр:
1. Басы жүмыр.
2. Мойны жұмыр.
3. Жұдырығы жұмыр.
4. Өкшесі жұмыр.
Адам денесіндегі төрт ұзын:
1. Арқасы ұзын.
2. Саусағы ұзын.
3. Білегі ұзын.
4. Аяғы ұзын.
Адам денесіндегі төрт жіңішке:
1. Қасы жіңішке.
2. Шашы жіңішкс.
3. Кірпігі жіңішке.
4. Түгі жіңішке.
Адам денесіндегі төрт доңгелек:
1. Маңдайы дөңгелек.
2. Көзі дөңгелек.
3. Белі дөңгелек.
4. Бөксесі дөңгелек.
Адам денесіндегі төрт кішкене:
1. Құлағы кішкене.
2. Тырнағы кішкене.
3. Саусағы кішкене.
4. Бақайы кішкене.
Адам денесіндегі төрт етті:
1. Жағы етті.
2. Мықыны етті.
3. Бөксесі етті.
4. Балтыры етті.
Адам денесіндегі төрт сулы мүше:
1. Көзі сулы.
2. Аузы сулы.
3. Миы сулы.
4. Қуығы сулы.
Адам денесіндегі төрт айыр мүше:
1. Саусағы айыр.
2. Бақайы айыр.
3. Қолтығы айыр.
4. Шаты айыр.
Адам денесіндегі төрт жалпақ мүше:
1. Алақаны жалпақ.
2.Табаны жалпақ.
3. Кеудесі жалпақ.
4. Жауырыны жалпақ.
Адам денесіндегі төрт шұңқыр:
1. Шұрқылтайы шұңқыр.
2. Желкесі шұңқыр.
3. Қолтығы шұңқыр.
4. Кіндігі шұңқыр.
Адам денесіндегі төрт томпақ:
1. Беті томпақ.
2. Омырауы томпақ.
3. Бөксесі томпақ.
4. Қарны томпақ.
Адам денесіндегі төрт тесік:
1. Аузы тесік.
2. Мұрны тесік.
3. Құлағы тесік.
4. Нәжіс, зәр шығару тесігі.
Адам денесіндегі төрт өткір:
1. Тіл откір
2. Миы өткір.
3. Тісі өткір.
4. Тырнағы откір.
Адам денесіндегі төрт иілетін мүше:
1. Басы иіледі.
2. Қолы иіледі.
3. Дізесі иіледі.
4. Белі иіледі.
Адам денесіндегі төрт үшкір:
1. Кірпігі үшкір.
2. Шашы үшкір.
3. Тырнағы үшкір.
4. Тісі үшкір.
Адам денесіндегі төрт үлкен буын:
1. Мойын буын.
2. Бел буын.
3. Иық буын.
4. Саны буын.
Адам денесіндегі төрт сүйексіз мүше:
1. Тілде сүйек жоқ.
2. Көзде сүйек жоқ.
3. Кұлақта сүйек жоқ.
4. Жыныс мүшеде сүйек жоқ.
Адам денесіндегі төрт кысу мүшесі:
1. Қолымен қысады.
2. Аятымен қысады.
3. Аузымен тістеп қысады.
4. Иегімен қысады.
Адам денесіндегі төрт жету мүшесі:
1. Көзі жетеді.
2. Сөзі жетеді.
3. Аяғы жетеді.
4. Қолы жетеді.
Адам денесіндегі төрт қалын түкті мүше:
1. Басы түкті.
2. Қолы түкті.
3. Жыныс мүшесі түкті.
4. Қабағы түкті.
Адам денесіндегі төрт қырлы мүше:
1. Мұрны қырлы.
2. Қолы қырлы.
3. Жіліншігі қырлы.
4. Қабағы қырлы.
Адам денесіндегі төрт жұмсақ мүше:
1. Белі жұмсақ.
2. Еті жұмсақ.
3. Қарны жұмсақ.
4. Тамағы жұмсақ.
Адам денесіндегі төрт харам:
1. Нәжісі харам.
2. Зәрі харам.
3. Қара тырнағы харам.
4. Маңқа және сілекейі харам.
Адам денесіндегі төрт орталық:
1. Миы.
2. Көзі.
3. Аузы.
4. Жүрегі.
Адам денесіндегі төрт тиянақ:
1. Төбесі.
2. Құйрығы.
3. Алақаны.
4. Табаны.
Адам денесіндегі төрт жарты:
1. Қасы жарты.
2. Қабағы жарты.
3. Құлағы жарты.
4. Тырнағы жарты.
Адам денесіндегі төрт жұмылатын мүше:
1. Көзі жұмылады
2. Қолы жұмылады.
3. Аузы жұмылады.
4. Жыныс мүшесі жұмылады.
Адам денесіндегі төрт жыра:
1. Үстіңгі ерні жыра.
2. Жауырын ортасы жыра.
3. Екі омыраудың ортасы жыра.
4. Құйрықтың ортасы жыра.
Адам денесіндегі төрт жұқа:
1. Беті жұқа.
2. Ерні жұқа.
3. Тамағы жұқа.
4. Құлағы жұқа.
Адам денесіндегі төрт көтеру мүшесі:
1. Аяғымен өз денесін көтереді.
2. Қолымен керек-жарағын көтереді.
3. Мойнымен парыз етілгенді көтереді.
4. Төсімен күш алып көтереді.
Адам денесіндегі төрт бүкір мүше:
1. Белі бүкір.
2. Жауырыны бүкір.
3. Шынтағы бүкір.
4. Тізесі бүкір.
Адам баласындағы төрт жарық:
1. Жақсы ой ойласа, миы жарық.
2. Жақсы нәрсе көрсе, көзі жарық.
3. Жақсы тілек айтса, сөзі жарық.
4. Жақсы жолда жүрсе, жолы жарық.
Адам баласындағы төрт ғаріп:
1. Ауру ғаріп.
2. Кәрілік ғаріп.
3. Жалғыздық ғаріп.
4. Жоқшылық ғаріп.
Адамды аздыратын төрт нәрсе:
1. Басы қайғырса, көңілі азады
2. Ғайбат естісе, құлағы азады.
3. Қарғыс айтса, сөзі азады.
4. Харам көрсе, көзі азады.
Адам баласындағы төрт асыл:
1. Басына қонған ақылы асыл.
2. Өзіне ұялаган ар-ұят асыл.
3. Жүрекке қонған мейір-шапағат асыл.
4. Қарнына қонған қанағат асыл.
Адам баласындагы төрт әлсіздік:
1. Өлімді жеңе алмайды.
2. Нәпсіні жеңе алмайды.
3. Ашуын жеңе алмайды.
4. Қанағат ете алмайды.
Адам баласына қорлық әкелетін төрт нәрсе:
1. Шақырмаған жерге бару.
2. Біреуге жала жабу.
3. Дұшпанын айыра білмеу.
4. Әруақтан дәм ету.
Адамды төрт нәрсе аздырады:
1. Иманынан шайтан аздырады.
2. Намазынан күпірлік аздырады.
3. Білімінен тәкаппарлық аздырады.
4. Мейірінен нәпсі аздырады.
Қазақтың “Алтауы ала болса, ауыздағы кетеді, төртеуі түгел болса, төбедегі келеді” деген тәмсіл сөзінің табиғатында — әке-шеше, нағашы әке нағашы шеше, қайын ата-қайын ене сынды алты ата-ананың ауыз біршілігін айтады. Төртеуі дегенімізге жоғарыда санамалап айтқан төрттіктер жатады.
Дәрет алудың парызы төртеу:
1. Бетін жуу.
2. Қолын шынтағына дейін жуу.
3. Басының төрттен бірін сулы қолмен сипау, масих тарту.
4. Екі аяғын тобығына дейін жуу, аяғы таза болса, мәсі сыртынан масих тарту
Дәрет мәкруһтары төртеу:
1. Оң қолмен сіңбіру.
2. Дәретке қатысты тәндерді үш мәртеден артық не үш мәртеден кем жуу.
3. Бетті шалпылдатып шайқау, қолдың суын сілқу, суды беталды ысырап ету.
4. Тәнді күн көзіне қаратып жарқыратып ашу не ыстық сумен дәрет алу.
Таямумның парызы тортеу:
1. Биссмиллә деп ниет ету.
2. Таза жерден топырақ алу.
1. Екі қолды топыраққа сұғу, масих тарту.
2. Екі шынтаққа дейін масих тарту.
Мұхаммед пайғамбардың төрт қызы:
1. Зейнеп.
2. Рухия.
3. Үммугүлсім.
4. Фатима.
Қадыр түннін төрт парызы:
Қадыр түнінде төрт ракағат намаз оқылыды.
1. ракағат: бір Фатиха сүресі, үш Қадыр сүресі,
2. ракағат: бір Фатиха сүресі, үш Ыхлас сүресі,
3. ракағат: бір Фатиха сүресі, үш Бадыр сүресі,
1. ракағат: бір Фатиха сүресі, үш Ыхлас сүресі.
Жаназа намаздың төрт парызы:
1. Өлген адам мұсылман болмаса, не мұсылман екені белгісіз болса, не мұсылман екеніне көзі жетпесе, жаназа намазы оқылмайды. Егер өлген адамның мұсылман екеніне көзі жетсе, куәгері болса, онда жаназасы шығарылады.
2. Өлген адамның мәйіті таза болмаса, суға жуындырылмаса, не кебінделмесе жаназа намазы оқылмайды.
3. Жаназа шығаратын имам болмаса, жамағат жиналмаса, жаназа намазы оқылмайды.
4. Өзін-өзі өлтіргенге, ата-анасын өлтіргенге, Отанын сатқан опасызға, арақ ішіп жынданып өлгенге жаназа намазы оқылмайды. Ондай адамның маңына имам бармайды. Бір матаға орап жерлей салады.
Жаназа намазы төрт тәкбірден тұрады. Түрегеліп тұрып оқылады. Бұл намазда сәжде етілмейді, бел бүгілмейді. Ол рұхкұм болады.
Төрт бағыт:
1. Шығыс.
2. Батыс жақ.
3. Оңтүстік.
4, Солтүстік.
Төрт мезгіл:
1.Көктем.
2. Жаз.
3. Күз.
4. Қыс.
Төрт тоқсан:
1. Көк тоқсан.
2. Шілде тоқсан.
3. Жел тоқсан,
1. Ақ тоқсан.
Төрт жұлдыз:
1. Топырақ жұлдыз.
2. От жұлдыз.
3.Жел жұлдыз.
4.Су жұлдыз.
Дүние төрттен жаралған:
1. Топырақ.
2. От.
3.Жел (ауа).
4.Су.
Төрт халифа:
1.Әбубәкір.
2.Омар.
3.Оспан.
4.Әли.
Төрт түлік:
1. Түйе.
2. Жылқы.
3. Сиыр.
4, Қой-ешкі.
Төрт тірі пайғамбар:
1. Ғайса (Иса).
2, Қыдыр.
3, Іляс.
4. Ыдырыс.
Төрт үлкен мүше:
1. Бас.
2. Дене.
3. Екі қол.
4. Екі аяқ.
Төрт мазһаб:
1. Әбу Ханафиа мазһабы.
2. Мәлік мазһабы.
3. Шафи мазһабы.
4. Ханбал мазһабы.
Төрт ереже:
1. Қүран кәрім (Алладан түскен кітап)
2. Суннат (Пайғамбарымыздың мүбәрак сөзі)
3. Ижмә и уммәт (Шариғат заңын үгіттеушілер)
4. Қияс и фукаһа (Санаға салып ақылмен шешу).
Төрт буын омір:
1. Балалық өмір.
2. Жастық өмір.
3. Орта жас өмір.
4. Қарттық өмір.
Ерлердің төрт кезеңі:
1. Сәбилік кезе
2. Бозбалалық кезең.
3. Азаматтық кезең.
4. Шалдық кезең.
Әйелдердің төрт шағы:
1. Балғын балалық шағы.
2. Бүлдіршін шағы.
3. Келіншектік шағы.
4. Кемпірлік шағы.
Төрт қат сана:
1. Болжау (алдағы күнді, өмірді қиялдау, болжау)
2. Шындық (шындық бүгінгі өмір, тіршілік, тұрмыс).
3. Аңыз (өткен өмір, оқиға, тәжірибе, тіршілік).
4. Рух (рухи баян, жаратылыс, жаратқан және жаралған).
Төрт күннен қорқу:
1.Біреудің біреуге тіпті де қайыры тимейтін қайырсыз күннен қорқу.
2.Біреудің біреуге ешқандай шапағаты қабыл болмайтын қайырсыз күннен қорқу.
3.Күнәлілердің еш жәрдемге қолы жетпейтін күнәсі үшін қатал жазаланатын жаза күннен қорқу.
4. Біреудің біреуге сайлаған қастығын өз басына қайтадан қайтарып алатын бодаулы күннен қорқу.
Төрт жағдайда әйелді талақ етуге болмайды:
1. Аяғы ауыр жүкті кезінде.
2. Омырауда баласы бар кезінде.
3. Хайыз қан көрген ауру кезінде.
4. Туысы қайтыс болған қаралы кезінде.
Талақ етілген әйел төрт шартты орындауы керек:
1. Үш ай өткен соң басқа күйеуге шығуына болады,
2. Күйеуі қайтыс болған әйел төрт ай он күн өткен соң басқа күйеуге некеленуіне болады.
3. Омыраудағы баласы омыраудан шыққан соң басқа еркекке некеге шығуына болады. Баланы толық екі жыл емізу керек.
4. Жүкті әйел күйеуінен жесір қалса, баласын босанып, одан соң ол баланы емізіп, омыраудан шыққан соң басқа күйеуге некеленуіне болады.
Жесір қалған әйелдің төрт нәрсесіне кепілдік ету:
1. Жесір әйелдің бас амандығына кепілдік ету.
2. Жетім қалғаң баласына кепілдік ету.
3. Үй-мүлкіне кепілдік ету.
4. Оларға жан-жақты қамқорлық ету, ақысын жемеу.
Болат Бопайұлы Жота Қажы
Пікір 2