ҚЫЗЫЛОРДА
Қозғалғанда тарихтың жар қабағы,
Дөңбекшиді, дірілдеп, ырғалады.
Тербеліп, тебіреніп, теңселгенде,
Дарылдайды өткеннің доңғалағы...
Еске түсіп, Қоқанның тар қамалы,
Бүгіні өткеніне таңданады.
Билеп-төстеп Ақмешіт бекінісін,
Озбырлықпен Жақыпбек паңданады.
Қазақтың күйі кетіп қарманады,
Зар құсып, қарғыс айтып, қарғанады.
Жанқожа жанын беріп, жұртын жиып,
Жар салып, соғысуға қамданады.
Зар заман сан жорықта жалманады,
Жер төсі қан құсады, былғанады.
Елі үшін өлімге де бас байлаған,
Хас ерлер қанды көріп қасқаймаған.
Тәуелсіз туын тігіп туған жерге,
Мұңлы үн бостандық деп жырланады.
Әттең-ай!
Сонда да ел мұңданады.
Бостандық ел басынан сырғанады.
"Қоқанның зорлығынан құтқардым" деп,
Отаршыл орыс келіп пұлданады.
Төбеде шөкім бұлттар сұрланады,
Соғыс та, көз жасы да құрғамады.
Аталып Перовск содан кейін,
Берілді орыстарға Сыр қамалы.
Кенеттен ғасыр басы ойран болып,
Төңкеріс қайта өзгертті замананы,
Атауын алып беріп Ақмешіттің,
Тарихты қайта ақтарып жұлмалады.
Алайда, қызылдардың күні туып,
Ақмешіт атауынан құр қалады.
Қызылдардың ордасы – Қызылорда,
Саясатпен сілкіді сары даланы.
Өткеннен жыр қалады, сыр қалады,
Ұрпақ боп қыз қалады, ұл қалады.
Тәуелсіз елге айналған осы күні,
Жасарып, жаңарып тұр Сыр қамалы.
Сәулетті қаламыздың қалпын көріп,
Үлкені, кішісі де таңданады.
200 жылды бөлек түйіп қойып,
Тарихтың шыжым жібі жалғанады.
Еске алып Қызылорданың өткен күнін,
Ғасырдың дарылдайды доңғалағы.
Тәбәрік тойға бүгін шашу етіп,
Ұлыңның жыр қалдырды қыл қаламы.
Нұрлан НҰРМАХАНОВ
Дөңбекшиді, дірілдеп, ырғалады.
Тербеліп, тебіреніп, теңселгенде,
Дарылдайды өткеннің доңғалағы...
Еске түсіп, Қоқанның тар қамалы,
Бүгіні өткеніне таңданады.
Билеп-төстеп Ақмешіт бекінісін,
Озбырлықпен Жақыпбек паңданады.
Қазақтың күйі кетіп қарманады,
Зар құсып, қарғыс айтып, қарғанады.
Жанқожа жанын беріп, жұртын жиып,
Жар салып, соғысуға қамданады.
Зар заман сан жорықта жалманады,
Жер төсі қан құсады, былғанады.
Елі үшін өлімге де бас байлаған,
Хас ерлер қанды көріп қасқаймаған.
Тәуелсіз туын тігіп туған жерге,
Мұңлы үн бостандық деп жырланады.
Әттең-ай!
Сонда да ел мұңданады.
Бостандық ел басынан сырғанады.
"Қоқанның зорлығынан құтқардым" деп,
Отаршыл орыс келіп пұлданады.
Төбеде шөкім бұлттар сұрланады,
Соғыс та, көз жасы да құрғамады.
Аталып Перовск содан кейін,
Берілді орыстарға Сыр қамалы.
Кенеттен ғасыр басы ойран болып,
Төңкеріс қайта өзгертті замананы,
Атауын алып беріп Ақмешіттің,
Тарихты қайта ақтарып жұлмалады.
Алайда, қызылдардың күні туып,
Ақмешіт атауынан құр қалады.
Қызылдардың ордасы – Қызылорда,
Саясатпен сілкіді сары даланы.
Өткеннен жыр қалады, сыр қалады,
Ұрпақ боп қыз қалады, ұл қалады.
Тәуелсіз елге айналған осы күні,
Жасарып, жаңарып тұр Сыр қамалы.
Сәулетті қаламыздың қалпын көріп,
Үлкені, кішісі де таңданады.
200 жылды бөлек түйіп қойып,
Тарихтың шыжым жібі жалғанады.
Еске алып Қызылорданың өткен күнін,
Ғасырдың дарылдайды доңғалағы.
Тәбәрік тойға бүгін шашу етіп,
Ұлыңның жыр қалдырды қыл қаламы.
Нұрлан НҰРМАХАНОВ