Тіршілік тынысы Tirshilik-tynysy.kz ақпараттық агенттігі

№27 газет

14 сәуір 2026 ж.

№26 газет

11 сәуір 2026 ж.

№ 25 газет

07 сәуір 2026 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Сәуір 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12345
6789101112
13141516171819
20212223242526
27282930 
» » Байқау жүлдегерлері анықталды

Байқау жүлдегерлері анықталды


Қызылорда облыстық ішкі саясат басқармасы «Өңірлік коммуникациялар қызметі» КММ ұйымдастырған шығармашылық байқау мәресіне жетті.
Қызылорда қаласының 200 жылдығына арналған «Қызылорда – екі ғасыр куәсі» атты байқау шарты бойынша қатысушыларға Сыр елінің бас шаһары, өткені мен бүгіні туралы әлеуметтік желіде пост жариялау талабы қойылды. Нәтижесінде І орынды әріптесіміз, облыстық «Сыр бойы» газетінің тілшісі Мөлдір Қалымбет иеленді. Ал ІІ орын «Ұстаз мәртебесі» газетінің тілшісі Айдар Сайлауовқа, ІІІ орын «Халық» газетінің тілшісі Рыскелді Жахманға бұйырды.
Ұйымдастырушылар жүлдегерлерді арнайы сыйлықтармен және дипломдармен марапаттады.
25 маусым 2018 ж. 1 146 0