Тіршілік тынысы Tirshilik-tynysy.kz ақпараттық агенттігі
» » БЕС ЖАСҚА ДЕЙІН БАЛАНЫ ПАТШАҢДАЙ КҮТ...

БЕС ЖАСҚА ДЕЙІН БАЛАНЫ ПАТШАҢДАЙ КҮТ...



«Ұяда не көрсең, ұшқанда соны ілерсің» демекші, біздің болашақ бала­мыздың тәрбиесі – ол дүниеге келген алғашқы күнінен басталады. Баламыз ер жетіп өскен сайын тәрбиесі де күр­де­леніп, оған қойылатын талаптар да күшейе түседі. Ақыл ойының дамуы, ұнамды мінез - құлқын, жетілдіре түсу ең негізгі міндетке айналады. Мұндай күрделі процесс алтын ұя отбасында, мектепке дейінгі жаста қаланатыны ғылыми тұрғыда дәлелденген. Дана халқымызда «Баланы бес жасқа дейін хандай құрметте, он бес жасқа дейін құлыңдай жұмса, он бестен кейін досыңдай сырлас» деген өмірлік түйін бар.
Баланың саналы, білімді, тәрбиелі азамат болуы үшін өскелең ұрпағымыздың күн сайын отбасы мүшелері арасындағы ең жарасымды, ең әділетті қарым – қатынастардың куәсі болуы керек. Отбасы мүшелері бір – бірімен түсіністік жағдайда өмір сүргені орынды. Ата – анасы балаларын өздерінің жағымды әрекеттерімен қуантып отырса, қандай жақсы десеңші. Жаман әрекеттермен жағымсыз іске үйір болу отбасына үлкен кесапат әкеледі, орын толмас өкініштер байқалып жатады. «Баланың жаманы – күйік» деген сөз тегіннен-тегін айтылмаған. Бір – бірінің жұмысын жеңілдетіп, бір – біріне қолғанат болып жүргенде ғана отбасы шын мәнінде тату – тәтті өзара түсінікте болады. Осындай әдепті, сыпайы қарым – қатынаста адамгершілік пен әділеттің шынайы көрінісі байқалады.
Қазіргі кезде кейбір ата – аналардың бала тәрбиесіне немқұрайлы қарайтын­дығы жасырын емес. Баламызды бала­бақшаға, мектепке жіберіп, балабақша мен мектеп тәрбиелеп, білім береді деп бар ауыртпалықты сол кісілерге міндеттеп қою ақылға сыйымсыз. Баланы мектепке берген соң, ата – ана сынып жетекшісімен тығыз қарым-қатынаста болып, оның өз деңгейінде тәрбие мен білім алуына бірлесе әрекет жасаса қандай ғанибет! Баланың келешек өмірі, яғни қызығушылығы, дос­тары, ортасы жайлы жіті мән бере қарап, зерттеп еркін әңгімелесіп, өзімен тең ұстап, пікірін тыңдау керек. Қайсыбір ата-аналар жұмысбастылықты сылтау етіп, «Баланың тамағы тоқ болып, киімі көк болса» болғаны дегенді желеу етеді. Үйге берілген тапсырманың орындалуын қадағаламайды, тексермейді. Бұл әрекеттердің бәрі оқушы күнделігіне айқын жазылған. Тек уақыт бөлу керек. Балалар өз ата-аналарының, бауырларының қылықтарына, іс-әрекеттеріне мән бере қарап, тез қабылдап алады. Егер жанұяда дөрекілік, ұрыс-керіс, маскүнемдік немесе тағы басқа да жағымсыз жағдайлар болса, балаларға әрдайым кері әсер етеді.
Бұндай әрекет мектеп, ұстаздың жасап жатқан еңбегін, күш-жігерін жоққа шығарады. Баламыз басты үлгі-өнегені алдымен отбасында өз ата-анасынан алатыны ақиқат.
Отбасының бірлігі мен ынтымақтастығы оның құрамындағы адамдардың бір-біріне деген қамқорлығынан, тіпті өмірге бірегей көзқарас ұстануынан, соған орай ерлі - зайыптылық және ата-аналық сезімін терең түсіне білулерінен де айқын сезіледі.
Отбасының негізгі міндеті – баланы ең­­бек ету, жарқын сезімдер мен нұрлы мұраттарға тәрбиелеу және адамдар арасында өмір сүре білуге үйрету. Бұл асыл қасиеттердің барлығы отбасы ошақ қасында қалыптасып шығады.
Мұнда, әсіресе отбасындағы ересек адамдар арасында өздерінің жеке бастарының өнегесі арқылы өзін дұрыс ұстап, құрмет пен қамқорлық таныта білулері керек.
Әрбір ата-ана өз баласының шығар биігін, армандаған асуларға жетуін ойлайды. Тәрбиелі, білімді болуын қалайды, әрі еңбек сүйгіш, жақсы адам болса, еліне, халқына пайдасын тигізетіндей бір маман иесі, дәрежелі қызмет иесі болса екен деп тілеуін тілейді.
Осындай жақсы тілекпен оң ниеттің орындалуына мүмкіндік жасайтын ата-ананың өзі. Бала тәрбиесі бесіктен бас­талады демей ме? Ұрпағымыз өмірге келісімен көп көңіл аударып, оның өнегелі қасиеттерін отбасында қалыптастырған орынды. Ел ертеңі, өркендеуі, дамуы өскелең ұрпағымыздың тәрбиелі жан-жақты білімді болуына көп байланысты. Сол егеменді еліміздің болашағы келбетті болсын десек бала тәрбиесіне бар қажыр-қайратымызды жұмсап, көп еңбек төге білейік, ағайын!
Самал Қабылбекқызы, Шаған ауылы
22 қараша 2017 ж. 6 014 3

Гость JeaOrer от 11 ақпан 2019 18:33
Generic Levitra Overnight cialis from canada Meloxicam 7.5 Purchase Propecia Cheapest Secure

Гость JeaOrer от 4 наурыз 2019 00:14
Lioresal En Ligne 25mg Amoxicillin 120mg Kg buy viagra online Zithromax Launch Year

Stevnohope от 8 мамыр 2019 15:28
Pharmacie Inde Certifie generic viagra Amoxicillin Children Dose Buy Propecia Finasteride Australia Order Cheapest Flagyl In Salem