Тіршілік тынысы Tirshilik-tynysy.kz ақпараттық агенттігі
» » ЖАҢА ЖҮЙЕ ТҰРҒЫНДАРҒА ТҮСІНДІРІЛДІ

ЖАҢА ЖҮЙЕ ТҰРҒЫНДАРҒА ТҮСІНДІРІЛДІ

Жиынды аудан әкімінің орынбасары Б.Сұлтанбекқызы ашып, аталған мәселе бойынша аудан көлемінде атқарылып жатқан жұмыстарға тоқталды.  Зейнетақы жүйесіндегі жүйелі жұмыстарды тұрғындарға кеңінен түсіндіру жауаптылық қажет ететіндігін жеткізді. Тұрғындар арасында түрлі оғаш пікірлер туындамас үшін, жаңа жүйені барынша ашып, талқылау маңызды екендігін айтты.  Бұдан кейін облыстық ақпараттық мобильді топ мүшелері зейнетақы жүйесіндегі өзгерістер жайлы баяндамалар жасады2018 жылдың 1 қаңтарынан бастап зейнетақы немесе зейнеткерлердің айтуынша жасына байланысты зейнетақы 8 %  немесе инфляцияның жоспарланған шегінен 2 %  көтеріледі.  Мемлекеттік базалық зейнетақы және жәрдемақылардың басқа түрлері 6 % артады. Сонымен, келесі жылы ең төменгі зейнетақы мөлшері мемлекеттік базалық зейнетақыны қоса есептегенде 49 019 теңгені, ал зейнетақының орташа мөлшері 71 333 теңгені құрайтын болады. Сондай-ақ, 2018 жылдың 1 шілдесінен бастап мемлекеттік базалық зейнетақыны тағайындау механизмі өзгереді. Бүгінгі күнде базалық зейнетақы азаматтың еңбек өтіліне және табысына қарамастан баршаға бірдей тағайындалады. Базалық зейнетақыны тағайындаудың жаңа механизмі 1998 жылдың 1 қаңтарына дейін жинақталған еңбек өтілін және 1998 жылдан кейін жинақтаушы зейнетақы жүйесіндегі кезеңдерін есепке алады. Базалық зейнетақының мөлшері азаматтардың еңбек өтілінің жиынтығына қарай әр түрлі болады. Жоғарыда айтылғандай, 2018 жылдың 1 шілдесінен бастап, егер азаматтың еңбек өтілі 33 жылды құрайтын болса, базалық зейнетақының мөлшері ең төменгі күнкөріс деңгейінің (әрі қарай – ЕКД, республика бойынша) 100% немесе 28 284 теңге, 20 жыл еңбек өтіліне – ЕКД-нің 74% немесе 20 930 теңге, 10 жылға дейінгі еңбек өтіліне – ЕКД-нің 54% немесе 15 274 теңгені құрайтын болады. 10 жылдан артық әрбір жыл үшін 2% қосылып отырады, - деді сала мамандары.  Ал, 2018 жылдан бастап әйелдерге зейнетке шығу жасы кезең-кезеңімен көтерілетін  болатындығы айтылды.  Атап айтқанда, базалық зейнетақы 1998 жылдың 1 қаңтарына дейінгі еңбек өтілін және жинақтаушы зейнетақы жүйесіне қатысу кезеңін қоса есептегенде мемлекеттік бюджеттен тағайындалатын болады. Жинақталған еңбек өтілі неғұрлым көп болса, сонда сізге ең төменгі  күнкөріс деңгейінің мөлшеріне жақын базалық зейнетақы мөлшері тағайындалады. Зейнетақы жинақтарының аударымдары үзіліссіз болуын қамтамасыз ету үшін, 2014 жылдан бастап республикалық бюджеттен бір жасқа дейінгі бала күтіміне байланыс­ты демалыста болатын жұмыс жасайтын әйелдерге 10 % зейнетақы жарналарын субсидиялау басталды. Жинақтардың көлемін көбейту үшін жұмыс берушілер тарапынан  заңды түрде  жұмысшылардың пайдасына 5 % зейнетақы жарналарын аудару бекітілді. Жаңа шартты түрде зейнетақы жинақтау  2020 жылдан бас­тап қолданысқа енгізіледі. Сонымен қатар, әйелдердің зейнетке ерте шығуына жеңілдіктер сақталады. 5 бала туған және 20 жыл еңбек өтілі бар әйелдер 53 жасында зейнетке шыға алады. Бұл ретте, мемлекет 12 жылдан артық емес,  әр балаға 3 жыл еңбек өтілін қарастырады делінген. 
 «Нәтижелі жұмыспен қамтуды және жаппай кәсіпкерлікті дамытудың 2017-2021 жылдарға арналған» бағдарламасы туралы айтар болсақ, бағдарламаның басты мақсаты - халықты нәтижелі жұмыспен қамтуға жәрдемдесу және азаматтарды кәсіпкерлікке тарту. Биылғы жылы бағдарламаны іске асыруға 4,1 млрд.теңге бөлініп, 24 мыңнан астам (24464) адам бағдарламаға қатысушы ретінде енгізілді.
Бағдарлама  негізгі үш бағыттан тұрады.
Бірінші бағыт аясында- Бағдарламаға қатысушыларды техникалық және кәсіптік біліммен (мерзімі 10 ай мен 2,5 жылға дейін) және қысқа мерзімді кәсіптік оқумен (мерзімі 1 ай мен 6 ай аралығы) қамтамасыз ету қарастырылған, соның ішінде: 
1) еңбек нарығының қажеттіліктерін ескере отырып, техникалық және кәсіптік білімі бар кадрларды даярлау бойынша 1 қыркүйектен бастап 1515 адам жолданып, жоспардың 100 пайызы орындалды.
2) жұмысшы кадрларды еңбек нарығында сұранысқа ие кәсіптер және дағдылар бойынша қысқа мерзімді кәсіптік оқытуға 2728 адам жолданып (жоспар 3518 адам), олардың 1111 оқуды аяқтап, 133 адам жұмысқа орналасты.
Сонымен қатар, біздің облыста республикада бірінші болып жұмыс берушілердің оқу орталықтарында азаматтарды оқыту, әрі қарай жұмысқа орналасуға кепілдік беру мәселесіне қатысты жаңаша оқыту басталды. Бүгінгі күнге 14 оқу орталықтарында 671 адам аспаз, кондитер, тігінші, шаштараз, визажист және тағы басқа мамандықтары бойынша оқытылуда.
Бағдарламаның екінші бағыты - Жаппай кәсіпкерлікті дамыту бойынша «Бастау Бизнес» жобасы арқылы кәсіпкерлік негіздеріне оқытуға 937 адам белгіленген (қатысушыларға стипендия төленеді).
Бұл жоба 5 пилоттық аймақта Арал, Қазалы, Қармақшы, Жаңақорған, Шиелі аудандарында жүргізіліп, 975 адам оқуға жолданып, аяқтағандардың ішінен 187 адамға 700 млн. теңгеден астам шағын несие берілді.
Ауылдағы және қалалардағы кәсіпкерлік бастамаларды қолдау үшін 487 адамға шағын несие беруге 2,3 млрд.теңге қаралды(ауылдық жерлерге - 1,7 млрд. теңге, қалаға - 293,9 млн теңге). Қазіргі таңда ауылдық жерде «Ауылшаруашылық қаржылай қолдау қоры» АҚ және «Агрокредиттік корпорация» АҚ арқылы 412 адамға 1,7 млрд.теңге шағын несие беріліп, қосымша 555 жаңа жұмыс орындары құрылды.
Бағдарламаның үшінші бағыты Халықты жұмыспен қамтуға жәрдемдесу арқылы еңбек нарығын дамыту және еңбек ресурстарының ұтқырлығын арттыру бойынша жұмыспен қамту шараларына 19 мыңнан аса  (19326) адам тартылды, соның ішінде 11296 адам тұрақты жұмысқа орналасты. Әлеуметтік жұмыс орындарына 793 адам, жастар тәжірибесіне - 1239 адам, қоғамдық жұмыстарға - 5958 жұмыссыздар жолданып, мерзімі аяқталғандардың  ішінен  804- адам тұрақты жұмыспен қамтылды. 
Солтүстік өңірлерге (Солтүстік Қазақстан, Қостанай, Шығыс Қазақстан және Павлодар облыстары) бүгінгі күнге аймағымыздан 32 отбасы (132 адам, еңбекке жарамдысы -64 адам) қоныс аударды. 
Қоныс аударуға ниет білдіргендерге көшуге субсидия 35 еселенген айлық есептік көрсеткіш (79415 теңге отбасының әр мүшесіне), қосымша тұрғын үй жалдау шығыстары төленеді. 
Бұл жұмыс 2018 жылы да жалғасын табатын болады.2018 жылға 281 отбасына көшуге квота белгіленді.(2018-2022 жылдарға арналған квота - 5896 отбасы).
Сонымен қатар, бейресми жұмыспен қамтылған жеке тұлғалардың қызметін заңдастыру жөніндегі іс-шаралар жоспары жасақталуда, республикалық деңгейде қабылданғаннан кейін Қызылорда облысының бейресми жұмыспен қамтылған жеке тұлғалардың қызметін заңдастыру жөніндегі іс-шаралар жоспары қабылданатын болады.
Қазақстан Республикасының Халықты жұмыспен қамту туралы 2016 жылғы 6 сәуірдегі Заңына сәйкес Мүгедектерді жұмысқа орналастыру үшін арнайы жұмыс орындарын құратын жұмыс берушілердің шығындарын субсидиялау қағидалары мен шарттары бекітілген.  
Мүгедектерді жұмысқа орналастыру үшін арнайы жұмыс орындарын жабдықтау (жарақтандыру) үшін  Субсидия- мүгедектер үшін арнайы жұмыс орындарын құру есебінен жұмысқа орналасуға жәрдемдесетін жұмыс берушілер үшін мемлекет көрсететін қаржылық жәрдемдесу. Бұл мәселелермен жұмыспен қамту бөлімдеріне хабарласу қажет екендігі түсіндірілді.  Жаңа форматтағы атаулы әлеуметтік  көмек туралы мысал келтіретін болсақ,  Елбасының «100 нақты қадам» Ұлт жоспарының 84 қадамына сәйкес 2018 жылдың 1 қаңтарынан бастап қолданыстағы 4 және одан жоғары 18 жасқа дейінгі балалары бар көп балалы отбасыларға берілетін арнаулы мемлекеттік жәрдемақы, 18 жасқа дейінгі балаларға арналған мемлекеттік жәрдемақы, мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек түрлері трансформацияланып атаулы әлеуметтік көмектің жаңа үлгісі енгізілетін болады.
Жаңа форматтағы атаулы әлеуметтік көмек түрі 2 түрге жіктеледі: шартты және шартсыз ақшалай көмек.
Әлеуметтік көмек табысы ең төменгі күнкөріс деңгейінің 50%-нан төмен отбасыларына тағайындалады.
Жаңа тәсілдің мәні мен қолданыстағы жүйеден айырмашылығы: әлеуметтік көмек алу үшін еңбекке қабілетті жастағы табысы аз адамдардың жұмыспен қамтуға жәрдемдесудің белсенді шараларына міндетті түрде қатысуы болып табылады. Осы жағдайда ғана олар шартты ақшалай көмек алуға құқылы болады. Егер де отбасына еңбекке қабілетті жастағы адам болмаса оларға шартсыз әлеуметтік көмек беріледі. 
2016 жылдың 1 қаңтарынан бастап пилоттық жоба біздің ауданда жүзеге аса бастады. 
Бүгінгі күнге  Сырдария ауданы бойынша 255 адамға (44 отбасы) шартты ақшалай көмек тағайындалды. Жоба шеңберінде жұмыспен қамтуға жәрдемдесудің белсенді нысандарына еңбекке жарамды жастағы 45 адам жұмыспен қамтудың белсенді шараларымен қамтылды. 
Пилоттық жобаны іске асыру нәтижесінде жобаға қатысқан аз қамтылған отбасылардың жан басына шаққандағы табыстары пилоттық жобаға қатысуға дейінгі кезеңмен салыстырғанда 1,5 есеге ұлғайып отырғандығын сала мамандары жеткізді. 
Жиын соңында сала мамандарына  аудан тұрғындары зейнетақы жүйесіне және әлеуметтік бағдарламаларға байланысты сауалдарын қойып, тұшымды жауаптар алды. 
 
Балтабай АЯБЕКҰЛЫ

20 қараша 2017 ж. 2 165 2

Гость JeaOrer от 21 ақпан 2019 23:48
Cheap Tamoxifen Citrate Prix Xenical 120 buy viagra online Where To Buy Cialis Online

Гость JeaOrer от 11 наурыз 2019 15:43
Cephalexin Dosage In Human Adults Xl Pharmacy India recherche cialis pas cher Kwikmed Competitors Mail Order Macrobid 100mg Mastercard