Тіршілік тынысы Tirshilik-tynysy.kz ақпараттық агенттігі
» » Іңкәрдария, Ақжарма ауылдарының тұрғындарымен кездесті

Іңкәрдария, Ақжарма ауылдарының тұрғындарымен кездесті

Бүгін аудан әкімі Берік Сәрменбаев Іңкәрдария, Ақжарма ауылдарының тұрғындарымен кездесті. Кездесуге аудандық мәслихат депутаты Марат Бисенов, ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі Мемлекеттік еңбек инспекциясы комитетінің Қызылорда облысы бойынша департаментінің басшысы Бектемір Жұмағұлов, дербес бөлім және сала басшылары қатысты.

Жиын барысында алдымен ауыл әкімдері атқарылған жұмыстарға тоқталып, елді мекендерде жүзеге асқан жобалар мен алдағы кезеңге жоспарланған бастамалар туралы баяндады.

– Халықтың тұрмыс сапасын арттыру, ауылдардың инженерлік инфрақұрылымын жаңғырту бағытындағы жұмыстар кезең-кезеңімен жүзеге асырылуда. Басты мақсат – тұрғындарға қолайлы орта қалыптастырып, елді мекендердің әлеуетін арттыру. Барлық ұсыныс-пікір назарға алынып, тиісті жұмыстар атқарылады, – деді Берік Әбдіғаппарұлы.

Бүгінде, Ақжарма ауылында жалпы құны 1,8 млрд теңгені құрайтын газдандыру жобасы жүзеге асуда. Құрылыс жұмыстарын «Алия Сервис» ЖШС жүргізуде. Қазіргі таңда газ құбырларын тарту және арнайы белгілерін орнату жұмыстары қарқынды жүргізіліп, жоба 95 пайызға аяқталған. Айта кетейік, аталған жоба елді мекен тұрғындарын табиғи газбен қамтамасыз етіп, халықтың тұрмыс сапасын жақсартуға мүмкіндік бермек.

Кездесу барысында тұрғындар тарапынан ұсыныстар мен сауалдар қойылып, аудан әкімі көтерілген мәселелер кезең-кезеңімен шешімін табатынын жеткізді. Сондай-ақ, елді мекендердің инфрақұрылымын жақсарту және халыққа қолайлы орта қалыптастыру бағытындағы жұмыстар алдағы уақытта да жалғасатынын атап өтті.

Сырдария ауданы әкімінің баспасөз қызметі
22 мамыр 2026 ж. 52 0