Тіршілік тынысы Tirshilik-tynysy.kz ақпараттық агенттігі
» » ЖАҢА НЫСАНДАҒЫ АТАУЛЫ ӘЛЕУМЕТТІК КӨМЕК

ЖАҢА НЫСАНДАҒЫ АТАУЛЫ ӘЛЕУМЕТТІК КӨМЕК

Жаңа форматтағы атаулы әлеуметтік көмек аз қамтылған отбасыларға немесе азаматтарға қолдау көрсете отырып, кедейшілік шегінен шығару үшін кешенді қарастыруды көздейді. Жаңа форматтағы атаулы әлеуметтік көмек табысы ең төменгі күнкөріс деңгейінің 50 %-ынан төмен отбасыларға немесе азаматтарға шартсыз немесе шартты ақшалай көмек түрінде тағайындалады.
Жетікөл ауылы бойынша 18 жасқа толмаған балалар жәрдемақысын алушы 16 отбасына жаңа нысандағы атаулы әлеуметтік көмек тағайындау ерекшеліктері түсіндірілуде. Атаулы әлеуметтік көмек – жан басына шаққандағы орташа айлық табысы кедейлік шегінен төмен жеке адамдарға (отбасыларға) мемлекет ақшалай нысанда беретін төлем. Отбасының немесе жеке адамның әлеуметтік жағдайына байланысты, көмек екі түрге бөлінеді: шартсыз және шартты.
Шартсыз ақшалай көмек – жұмыспен қамтуға жәрдемдесу шараларына қатысу мүмкіндігі шектеулі аз қамтылған адамдарға (отбасыларға) ай сайынғы ақшалай төлемдер түрінде көрсетілетін атаулы әлеуметтік көмек түрі.
Шартты ақшалай көмек – жұмыспен қамтуға жәрдемдесу шараларына және (немесе) қажет болған жағдайда әлеуметтік бейімдеу шараларына міндетті түрде қатысу шартымен ай сайынғы немесе біржолғы ақшалай төлем түрінде аз қамтылған адамдарға (отбасыларға) көрсетілетін атаулы әлеуметтік көмек түрі. Атаулы әлеуметтік көмек туралы ақпаратты алу үшін тұрғындар тұрғылықты мекенжайы бойынша халықты жұмыспен қамту орталығына немесе кент, ауыл, ауылдық округі әкіміне жүгінеді. Жүгіну барысында – кеңес беру жүргізіледі.
Келіссөз барысында үміткер өз атынан немесе отбасы атынан өтінішпен жүгінеді. Құжаттарға негізгі құжаттар пакеті және қосалқы құжаттар пакеті кіреді.
Негізгі құжаттар пакетіне тиесілі:
1) әр отбасы мүшесінің жеке куәлігі; жеке қосалқы шаруашылығының бар болуы туралы мәлімет (қағидаларға 2-қосымша)
2) банк шотының нөмірі туралы мәлімет;
3) баланың (барлық балаларға) туу (қайтыс болу) туралы куәлігі (2017 жылғы 13 тамызға дейінгі тіркеулер бойынша)
4) өтініш беруші мәліметтерінің бала туу туралы куәлігіндегі мәліметтермен қайшылығы болған кезде неке жасасуды (некені бұзуды) тіркеу туралы куәлік (2008 жылғы 1 маусымға дейінгі тіркеулер бойынша)
Қосалқы құжаттар пакеті үшін, еңбекке жарамды отбасы мүшелері үшін қосымша тиесілі:
1) жұмыс іздеп жүрген тұлға ретінде тіркеуге өтініш;
2) еңбек қайраткерлігін растайтын құжат (бар болған жағдайда)
3)білімі, квалификациясы, арнаулы білімнің бар болуы немесе кәсіби дайындығы (бар болған жағдайда) жайлы құжат.
Құжаттар өтініш берушімен тұпнұсқаларын және көшірмелер түрінде салыстырып тексеру үшін ұсынылады. Жаңа форматтағы атаулы әлеуметтік көмек адамға жай ақшалай көмек беріліп қана қоймай, оның жұмысқа тұруы үшін көмек көрсетіледі, түрлі қайта даярлау және біліктілігін арттыру курсына жібереді және шағын несие береді. Осылайша отбасының кедейшілік шегінен шығуға жағдай жасалынады.

Ж.Қожахметов,
Жетікөл ауылының әкімі
20 қараша 2017 ж. 12 502 5

Айжан от 30 қаңтар 2019 21:01
Саламатсыздарма әлеуметтік көмек 2018жылы алган едим екинши жартысы 2018кыркуйегинде болады деген бырак мине бүгін 2019кантардын сонгы күндер хабар жоқ бюджетте акша жеткизе алмаса негылады берип 

Азамат от 27 ақпан 2019 15:39
Осы АӘК пен айналысатындарештене білмеиді, заңын, қағидасын карамайды ережені мүлде оқымайды, алдына келген адамдарға ойларына келген сөзді айтасалады, сөйтедіде заңда солай жазылған деиді,өзі ол заңды оқымағанда, заңда олай жазылмағанда, жалпы ассистент консультант ешқайсысы заңгер емес мемлекеттік қызметші емес, заңгерлерді қою керек орындарына. сойтіп сооооллл......... :)

Aisha Aisha от 30 сәуір 2019 21:07
Саламатсызба!Менiн екi балам бар.камелеттiк замка толган.кiшi бала акылы оку орнында окиды.Мен баска калада жумыс жасаймын.айлык табысым жакында 50 000тенге болды.Бipak 10 000тенге жолыма кетеды.патерге толимiн.комуналдык карыздарга толенедi.кредит заём бар.баламнын окуына толимiн.жеке баспанам жок.алимент алмаймын.еш бip туыс жакындарым комек бермиды.Калай омip cypeмiз?комек берiнiздершi.Кулайша

Дина от 10 қыркүйек 2019 16:17
Салемеисізбе.мен орал қаласы казталовский райын.Жана жол ауылында тұрамын 2019 жылы апрелден бастап айс пы алып келдім .3 баланың анасымен.бізде дым мал жоқ.киюимнин 50мын зарплаты ол ештеңеге жет пиді осы да айс пы алмадым. Туспеген өзім уйде бала мен отырам.бізде жағдай нашар осы сентябрдікі неге тиспи қалды тусінбедім.азн шоғын малы барлар ала жатыр бізде.мал жоқ мүлде кірп тұрған даходта жоқ.бізде

Салиха от 19 қыркүйек 2019 10:57
Менин 3 балам бар озим сатушы болып жумыс жасаймын кундиз ине 1500 тг аламын квартира тұрамын алимент алмаймын бирак пропискам өз торкинимде 2019 июнь айында 3 айлық көрсеткіш бойынша 356000 тусти оны қарыздары ма бердім балдарды кйиндирдим кв төледим кеше торкиниме тексерушілер келип берген 356000 не алдыңыз дейди есептесек ай сайын 80000 теңге сиз ол акшага бизнес ашу керексиз дейди кандай бизнес ашуға болады 80000 тг адамдар  шамалы ойланса болады ғой бир озим кайда жетемін комиссия кешегинде маган сиз енди 356000 қайта қайтарасыз дейди кайдан алып қайтарамын енди мен окиметке қарыз екенмин бұлай бергенше бермейАк коймайдыма қайырымсыз дар енди не истеуиме болады отиниш комектесиниз дерши ақыл айтыныздаршы