Тіршілік тынысы Tirshilik-tynysy.kz ақпараттық агенттігі
» » Гендерлік теңдік стратегиясы әйелдер құқығын қорғауДЫҢ НЕГІЗІ

Гендерлік теңдік стратегиясы әйелдер құқығын қорғауДЫҢ НЕГІЗІ


Қазақстанда гендерлік саясат жүргізу жөніндегі жұмысты Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Әйелдер істері және отбасылық-демографиялық саясат жөніндегі ұлттық комиссия үйлестіреді. Оның негізгі міндеті отбасына, әйелдер мен ерлердің теңдігіне қатысты кешенді мемлекеттік саясатты іске асыру болып табылады.
Біздің ел гендерлік саясатты жүзеге асыру бағытында айтарлықтай қадамдар жасады, себебі, гендерлік саясат-бұл ең алдымен мемлекеттің әлеуметтік саясатының маңызды құрамдас бөлігі болып табылады.
Егер саяси және қоғамдық өмірде, соның ішінде шешім қабылдау деңгейінде әйелдерді қатыстыруды арттыру туралы айтсақ, бұл сұрақ гендерлік теңдік стратегиясында өз жауабын тапты.
Қазіргі уақытта Қазақстан адам құқықтары бойынша, соның ішінде жыныстар арасында теңқұқылықты қамтамасыз етуге және әйелдер мен балаларды қорғауға бағытталған 20-дан астам әртүрлі шарттар мен конвенциялардың қатысушысы.
Ал, гендерлiк саясаттың негiзгi қағидаттары Қазақстан Республикасының Конституциясымен кепiлдiк берiлген әйелдер мен ерлердiң тең құқығы мен еркiндiгiн белгiлейдi. Қазақстандағы гендерлiк саясаттың мiндеттерiне әйелдер мен ерлердiң билiк құрылымдарында теңдестiрiлуіне қол жеткiзу, экономикалық тәуелсiздiктiң барлық тең мүмкiндiктерiн қамтамасыз ету, өз бизнесiн дамыту және қызмет бабында iлгерiлеу, отбасында құқықтар мен мiндеттердi тең жүзеге асыру үшiн жағдайлар жасау.
Меңдігүл Асан,
Сырдария аудандық сотының жетекші маманы,
баспасөз хатшысы
22 қараша 2017 ж. 2 533 0