Тіршілік тынысы Tirshilik-tynysy.kz ақпараттық агенттігі

№ 98 газет

10 желтоқсан 2024 ж.

№97 газет

07 желтоқсан 2024 ж.

№96 газет

03 желтоқсан 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031 
» » БЦЖ – ДЕНСАУЛЫҚТЫ ҚОРҒАЙТЫН ЕКПЕ

БЦЖ – ДЕНСАУЛЫҚТЫ ҚОРҒАЙТЫН ЕКПЕ

2017 жылдың тамыз айында босанған ана баласына БЦЖ (BCG – Кальметт – Герен бацилласы) екпесінен бас тарту салдарынан бір жағдай есепке алынып, алдағы уақытта БЦЖ екпесінен бас тарту жағдайының орын алмауы мақсатында түсіндіру жұмыстары жүргізілді.
Дөңгелек үстел Сырдария әйелдері қо­ғамдық бірлестігінің төрайымы, аудандық қо­ғамдық денсаулық сақтау басқармасының басшы орынбасары, бөлім басшысы, мамандар аудандық емдеу сауықтыру мекемесінің бас дәрігердің ана мен бала жөніндегі орынбасары, ЖТД бөлім басшысы, дәрігерлері және аймақтық дәрігерлер, ауылдық дәрігерлік емхана меңгерушілері, фтизио-педиатрлар, «ҚОСӨСҚ» ЖШС Сырдария ауданы бойынша маманы, медбикелер, БАҚ-ы өкілдерінің қатысуымен өтті.
Екпе туралы әркім әрқалай түсінеді. Оның адам өмірі үшін маңызды екені рас. Медицина тұрғысынан дәлелденген екпе туралы дұрыс түсінік қалыптастыру бүгінгі күннің тақырыбына айналды. Себебі, қоғамда екпеден бас тартып жатқандар кездесеуде. Әдепкіде бұл жай интернет желісіндегі ақпарат деп ойлағанымызбен, өз пікіріміз олай болмай шықты. Яғни біздің ортамызда перзентіне екпе сал­ғызудан бас тартқан ана бар болып шықты.
Өзекті тақырыпты талқы­лауға дөңгелек үстел басына арнайы мамандар шақы­рылды. Барлығының мақсаты бір, ой-санаға екпе туралы оң ақпарат беру.
Дүниеге сәби әкелуді күтіп жүрген анаға қауіпті дерт са­натындағы туберкулезге қар­­сы егуді жүргізудің маңызы ту­­ра­­лы әйелдерді жүктілік бо­йынша есепке алған кезде және босануға келген кезде түсіндіріледі. Себебі, бала туылғаннан кейін, баланың ата-анасының жазбаша келісі­мімен алғашқы 4 күннің ішінде салынуы тиіс. Түрлі себептермен перзентханада екпе жасалмаса денсаулық сақтау ұйымдарында бала екі айға толғанға дейін салынады. Бұл БЦЖ екпесі туберкулезді жұқтыру қаупінен қорғайды.
Мамандар пікірі: БЦЖ (BCG – Кальметт – Герен бацилласы) – тірі, бірақ әл­сіздендірілген, құрамында туберкулез микобактериясы штам­пы бар, туберкулездің бел­сенді спецификалық профилактикасына арналған, ба­ланың ағзасына еккенде туберкулезге қарсы арнайы иммунитетті қалыптастыратын вакцина. БЦЖ вакцинасы – ең ежелгі вак­­цина болып саналады. Әлем елдері қолданып келеді. Әлеуметтік желілерде БЦЖ вакцинасы­нан келген зиян туралы деректер айтылмағанмен, адам­дардың арасында жалпы екпеге қарсылық бар. Әрине, бұл қате пікір. Балаңның бо­лашағы үшін, оны қорғау үшін, өмірі үшін қажет екпелерден бас тарту нағыз білместік деп айтуға негіз бар.
Әңгімелесу барысында БЦЖ екпесін жаңа туған баласы­на салдыруға бас тарт­қан анаға сөз беріліп, оған түсін­дірме жұмыстары жүр­гізілді. Аудандық қоғам­дық ден­саулық сақтау басқар­масының басшы орынбасары Қ.Омарова, аудандық емдеу сауықтыру мекемесінің бас дәрігердің ана мен бала жөніндегі орынбасары Ә.Ис­киндирова, бөлім басшылары Б.Мұхтаров, Ж.Нурсултанова, мамандар А.Байтілеу, О.Сәр­сембай, Г.Тұсмағанбетовалар түсіндірме жұ­мыс­тарын жүргізді.
БЦЖ екпесімен егу балаларды туберкулезден қорғайды, перзентханаларда бар­лық нәрестелерге жасалынуы тиіс, қарсы көрсетілім (шала туылған, туа біте аурулары болған) жағдайда 1 жасқа дейін (аймақта) егіледі. Сондай-ақ балаларға БЦЖ ревакцинациясы 6 – 7 жас аралығындағы қайта егіледі. Ауданда балаларды туберкулезге қарсы егу 97 пайыз құрап отыр.
Аудандық қоғамдық денсаулық басқар­масының туберкулезді алдын алу бөлімінің маманы Ұ.Нұрбаева: – БЦЖ екпесімен егу ешқандай зиян келтірмейді. Өз уақытында екпемен егілген бала туберкулезбен ауырмайды. Ауырған жағдайда туберкулез жеңілірек өтеді. Нәрестені 95 пайыз қорғайды. Дүниеге келген жаңа туған сау нәрестеге 1-4 күні БЦЖ екпесінен егілгеннен кейін өмірдің 4 айына толған нәрестелердің тыртығы 5-10 мм өлшеміне қалыптасу керек. Екпеден кейін иммунитеті орташа 5 жыл сақталады. Қайталау (ревакциналау) 7 жаста егіледі,- деді маман.
Адам өміріне қажетті екпеден бас тарту – қателік. Екпе салдарынан қорқыныш басым. Дегенмен, аса қауіпті салдары болмайтынын ғалымдар дәлелдеген. Бұл екпенің талай жылғы тарихы бар. БЦЖ егуі жасалған соң бірден ақшылдау орын пайда болып, ол 15-20 минуттан соң жоғалып кетеді. Сонан соң бір ай ішінде екпе орны пайда болады: екпе орнындағы белгі қатайып, түссіз көпіршіктен көмескеленіп, қабыршақтанады да тыртық пайда болады. Мұны жергілікті әсер дейді және бұл қалыпты.
Гүлзат Жанәлиева, облыстық салауатты өмір салтын қалыптастыру орталығының Сырдария ауданы бойынша маманы: - Мұндай мүмкіндікті мемлекеттің жасағаны үшін рахмет айтуымыз керек. Түрлі жұқпалы дертке төтеп беруге арналған екпе өте қажет. Уақытылы салынған екпе маңызды. Ертеректе ғалымдар зерттеу жасамағанда туберкулезден қаншама адам қаза болар еді. Қазір екпенің арқасында туберкулез емге көнетін болды. Одан емделуге кепілдік бар. Ал, дүниежүзін дендеген СПИД пен қатерлі ісік ауруына қарсы тұратын екпе табылмағандықтан бұл аурулардың соңы өліммен аяқталуда. Назарларыңызға орталықтың атынан дайындалған бейне роликпен көрнекі ақпараттық құралдарды ұсынамыз,-деді сала маманы.
Ұ.Жанәлиева, «Сырдария ауданының әйелдері» қоғамдық бірлестігінің төрайымы:- Мен мұндай жағдаймен бірінші рет жолығуым. Қандай қате пікір. Жалпы медицина саласына деген ренішін екпемен байланыстырып отыр. Қазір қайта ізденіп жүріп салғызатын екпеден бас тарту келеңсіздік. Оның салдарын ақ халаттылыр түсіндіріп жатыр. өз перзентін осылай қорғаймын деп отырғаны ақылға қонымсыз. Сондықтан анаға уақыт беру керек. Ой елегінен өткізіп, дұрыс шешімге келсін.
Шын мәнінде перзентханада нәрестеге алғашқы салынған екпеден соң 2,3,4,12,15,18 айларында түрлі дертке қарсы екпе салынуы тиіс. Сонан соң 6 жаста, 16 жаста одан әрі 10 жыл сайын екпе егіледі. Бұл республикаға бекітілген ұлттық күнтізбе. Қазіргі заманда екпе туралы ақпарат кез келген жағдайда сұралуы мүмкін. Балаңыз демалыс орнына барса да, оқуға түссе де, тіпті кейбір қызметке орналасса да арнайы анықтаманы сұратып жатады. Сондықтан баланың туылғаннан бас­тап салынатын екпелерді уақытылы салынуын қадағалау учаскелік дәрігердің ғана емес, ата-ананың міндеті екенін ұғынғанымыз абзал.

Б.ЖАНӘЛІ
20 қараша 2017 ж. 3 062 2

Гость JeaOrer от 26 ақпан 2019 01:42
Cialis Viagra Levitra Comprar Buy Priligy Cheap tadalafil cialis from india Levitra Pro Pas Cher

Игнат от 19 қараша 2020 16:09