Тіршілік тынысы Tirshilik-tynysy.kz ақпараттық агенттігі

№34 газет

09 мамыр 2026 ж.

№33 газет

05 мамыр 2026 ж.

№32 газет

01 мамыр 2026 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Мамыр 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
25262728293031
» » Аудан әкімі Берік Сәрменбаев 9 мамыр – Жеңіс күнімен құттықтады

Аудан әкімі Берік Сәрменбаев 9 мамыр – Жеңіс күнімен құттықтады

Құрметті жерлестер!
Қадірлі де ардақты тыл ардагерлері!

Сіздерді Ұлы Жеңіс күнімен шын жүректен құттықтаймын!

Жеңіс күні – елдік пен ерліктің, батылдық пен қаһармандықтың мерекесі! Бұл күн – бейбітшіліктің, азаттық пен тәуелсіздіктің нышаны!
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаев «Адамзат тарихында теңдессіз ерлік жасаған әкелеріміз бен аналарымыздың қажымас қайсарлығы, ерен еңбегі және көзсіз қаһармандығы халқымыздың жадында мәңгі сақталады» деп атап көрсетті.

«Ерді елі үшін, жігітті жұрты үшін мақта» дегендей, біз Сырдария топырағынан шыққан Кеңес Одағының Батырлары Нағи Ілиясов пен Жаппасбай Нұрсейітов бастаған соғыс ардагерлерінің есімін мақтанышпен айтып, ерліктеріне бас иеміз.

Сырдария ауданынан Ұлы Отан соғысына 3 мыңға жуық азамат аттанып, жартысынан көбі туған жерге оралмады. Олар Отан үшін ерлік жасап, бізге бейбіт өмірді сыйлады.

Бүгінде қан майданның куәгері, 104 жастағы Ұлы Отан соғысының ардагері, Сырдария ауданының Құрметті азаматы Яхия Тасыров атамыз ортамызда жүр. Ұлы Отан соғысы ардагеріне әрқашан құрметіміз мол. Тек қан майданда ғана емес, тылда жұмыс істеп, ашаршылықты, ауыртпалықты бастан кешіп, таңның атысынан күннің батысына дейін жұмыс істеген қайратты да қайсар жандарға бүгінгі ұрпақтың алғысы шексіз.

Сіздерді Ұлы Жеңіс күнімен құттықтай отырып, зор денсаулық, ұзақ ғұмыр, отбасыларыңызға бақ-береке тілеймін.
Аспанымыз ашық, бейбіт өміріміз баянды болсын!
Еліміз аман, жұртымыз тыныш болсын!

Құрметпен
Берік СӘРМЕНБАЕВ,
Сырдария ауданының әкімі
09 мамыр 2026 ж. 100 0