Тіршілік тынысы Tirshilik-tynysy.kz ақпараттық агенттігі

№ 42 газет

10 маусым 2025 ж.

№ 41 газет

03 маусым 2025 ж.

№ 40 газет

31 мамыр 2025 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Маусым 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
30 
» » Аудан әкімі Берік Сәрменбаевтың 9 мамыр — Ұлы Жеңіс күнімен мерекелік құттықтауы

Аудан әкімі Берік Сәрменбаевтың 9 мамыр — Ұлы Жеңіс күнімен мерекелік құттықтауы

Құрметті жерлестер!
Қадірлі де ардақты тыл ардагерлері!
Сіздерді Ұлы Жеңістің 80 жылдығымен шын жүректен құттықтаймын!
Жеңіс күні – елдік пен ерліктің, батылдық пен қаһармандықтың мерекесі! Бұл күн – бейбітшіліктің, азаттық пен тәуелсіздіктің нышаны!

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаев «Адамзат тарихында теңдессіз ерлік жасаған әкелеріміз бен аналарымыздың қажымас қайсарлығы, ерен еңбегі және көзсіз қаһармандығы халқымыздың жадында мәңгі сақталады» деп атап көрсетті.

«Ерді елі үшін, жігітті жұрты үшін мақта» дегендей, біздер Сырдария топырағынан шыққан Кеңес Одағының Батырлары Нағи Ілиясов пен Жаппасбай Нұрсейтов бастаған соғыс ардагерлерінің есімін мақтанышпен айтып, ерліктеріне бас иеміз.
Сырдария ауданынан Ұлы Отан соғысына 3 мыңға жуық азамат аттанып, жартысынан көбі туған жерге оралмады. Олар Отан үшін ерлік жасап, бізге бейбіт өмірді сыйлады.

Бүгінде қан майданның куәгері, 103 жастағы Ұлы Отан соғысының ардагері, Сырдария ауданының Құрметті азаматы Яхия Тасыров атамыз ортамызда жүр. Ұлы Отан соғысы ардагеріне әрқашан құрметіміз мол. Тек қан майданда ғана емес, тылда жұмыс істеп, ашаршылықты, ауыртпалықты бастан кешіп, таңның атысынан күннің батысына дейін жұмыс істеген қайратты да қайсар жандарға бүгінгі ұрпақтың алғысы шексіз.

Сіздерді Ұлы Жеңістің 80 жылдығымен құттықтай отырып, зор денсаулық, ұзақ ғұмыр, отбасыларыңызға бақ-береке тілеймін.
Аспанымыз ашық, бейбіт өміріміз баянды болсын!
Еліміз аман, жұртымыз тыныш болсын!

09 мамыр 2025 ж. 232 0