Аудан әкімі Жеңіс күнімен құттықтады
Қадірлі ардагерлер!
Баршаңызды өшпес ерлік пен қаһармандықтың мерекесі – Ұлы Жеңістің 78 жылдығымен шын жүректен құттықтаймын!
Отан үшін отқа түскен батырлардың биік тұлғасын ардақ тұтып, есімдерін есте сақтап, тағзым ету – бүгінгі ұрпақтың парызы.
«Ерді - елі үшін, жігітті - жұрты үшін мақта!» - дегендей бүгін біздер аттары аңызға айналған қасиетті Сырдария топырағынан шыққан Батырлар Нағи Ілиясов, Жаппасбай Нұрсейтов ағаларымыздың есімдерін мақтанышпен айтып, ерліктеріне бас иеміз.
Отанды қорғау үшін біздің ауданымыздан 3 мыңға жуық азамат аттанып, жартысынан көбі туған жерге оралмады. Елге Жеңіс туын желбіретіп келген майдангерлер еліміздің дамуына өз үлестерін қосты. Олардың жыл артқан сайын қатары азайып, бүгінгі күнде ауданымызда Ұлы Отан соғысының майдангер ардагері Яхия Тасыров атамыз ғана ортамызда жүр. Ғасыр жасаған құрметті қарияға тағзым етіп, ерлігіне бас иіп, зор құрметпен қараймыз!
Ардақты ардагерлер!
Сіздерді Жеңіс күнімен құттықтай отырып, зор денсаулық, ұзақ ғұмыр және баянды бақыт тілеймін.
Тәуелсіз еліміздің аспаны ашық, бейбіт өміріміз баянды болсын!
Жеңіс күні құтты болсын!