Тіршілік тынысы Tirshilik-tynysy.kz ақпараттық агенттігі
» » Аудан әкімі Берік Сәрменбаевтың 9 мамыр — Жеңіс күнімен құттықтауы

Аудан әкімі Берік Сәрменбаевтың 9 мамыр — Жеңіс күнімен құттықтауы

Құрметті майдангер ағалар,
Қадірлі тыл еңбеккерлері!

Сіздерді Ұлы Жеңіс күнімен шын жүректен құттықтаймын!

Жеңіс күні – елдік пен ерліктің, батылдық пен қаһармандықтың мерекесі!


Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаев «Адамзат тарихында теңдессіз ерлік жасаған әкелеріміз бен аналарымыздың қажымас қайсарлығы, ерен еңбегі және көзсіз қаһармандығы халқымыздың жадында мәңгі сақталады» деп атап көрсетті.

«Ерді елі үшін, жігітті жұрты үшін мақта» дегендей, біздер Сырдария топырағынан шыққан Кеңес Одағының Батырлары Нағи Ілиясов пен Жаппасбай Нұрсейтов бастаған соғыс ардагерлерінің есімін мақтанышпен айтып, ерліктеріне бас иеміз. Жалпы, Сырдария ауданынан Ұлы Отан соғысына 3 мыңға жуық азамат аттанып, жартысынан көбі туған жерге оралмады. Олар Отан үшін ерлік жасады. Бүгінде қан майданның куәгері, ғасыр жасаған Сырдария ауданының Құрметті азаматы Яхия Тасыров ортамызда жүр.


Тек қан майданда ғана емес, тылда жұмыс істеп, ашаршылықты, ауыртпалықты бастан кешіп, таңның атысынан күннің батысына дейін жұмыс істеген қайратты да қайсар жандарға бүгінгі ұрпақтың алғысы шексіз.

Біз «Ешкім де, ешқашан да ұмытылмайды» деген ұранды ұстанған елміз. Жаңа буын жас ұрпақ аға буын ардагерлер танытқан қаһармандық пен қайсарлықтан, батырлық пен батылдықтан үлгі алып, бой түзейді. Бүгінгі Тәуелсіздік тұғырының берік, еңсеміздің биік болуы да, еліміздің өркендеуі мен ауданымыздың гүлденуі де – осынау мерекенің жемісі.

Сіздерді Жеңіс күні мерекесімен құттықтай отырып, зор денсаулық, ұзақ ғұмыр тілеймін.


Аспанымыз ашық, бейбіт өміріміз баянды болсын!


09 мамыр 2024 ж. 165 0