Ақжарма ауылының газдандыру жұмыстары тұрақты бақылауда
Аудан Берік Сәрменбаев Ақжарма ауылында жүргізіліп жатқан газдандыру жұмыстарының барысымен танысты.Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың елді мекендерді көгілдір отынмен қамту жөніндегі тапсырмасына сәйкес, өңірде газдандыру бағытындағы жұмыстар кезең-кезеңімен жүзеге асырылып келеді. Осы ретте облыс әкімі Нұрлыбек Нәлібаевтың қолдауымен аймақта ауқымды жобалар жүзеге асырылуда. Аудан көлемінде де бұл бағыттағы жұмыстар жүйелі түрде жүргізілуде.
Ақжарма ауылындағы газдандыру жобасының жалпы құны 1,8 млрд теңгені құрайды. Жобаны мердігер мекеме «Алия Сервис» ЖШС іске асыруда. Қазіргі уақытта газ құбырлары тартылып, белгілерін қою жұмыстары жүргізілуде.
Аудан әкімі жауапты сала мамандарына жұмысты белгіленген мерзімде сапалы аяқтауды тапсырып, нақты міндеттер жүктеді.

Сырдария ауданы әкімінің баспасөз қызметі










