Ақжарма ауылын газдандыру жұмыстарының барысы бақыланды
– Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаев «Үкімет газ тартылған елді мекендердің санын барынша арттыруға және 1700 шақырым газ желісін жаңғыртуға тиіс. Бұл 300 мыңнан астам адамды көгілдір отынмен қамтамасыз етуге мүмкіндік береді» деп атап өтті. Осыған орай, аймақ басшысы Нұрлыбек Машбекұлы Нәлібаевтың тапсырмасымен елді мекендерді газдандыру жұмыстары қарқынды жүргізілуде. Облысымыздың газдандыру көрсеткіші 83 пайызға жетті. Ауданда бұл бағыттағы жұмыстар жүйелі түрде жүргізілуде. Газдандыру жұмыстары белгіленген мерзімде әрі сапалы аяқталуы қажет, – деді Берік Әбдіғаппарұлы.
Жалпы жоба құны 1,8 млрд. теңгені құрайтын газдандыру жұмыстарын «Алия Сервис» ЖШС атқаруда. Қазіргі таңда елді мекен ішіне газ құбырларын тарту жұмыстары жүргізіліп жатыр.
Аудан әкімі жұмыстың сапалы әрі уақытылы орындалуының маңыздылығына тоқталып, жауапты мамандарға нақты тапсырмалар берді.
Сырдария ауданы әкімінің баспасөз қызметі












