Ақжарма ауылын газдандыру жұмысы жүргізілуде
Аудан әкімі Берік Сәрменбаев аудандық мәслихат төрағасы Ержан Әжікеновпен бірге Ақжарма ауылындағы газдандыру жұмыстарымен танысты.– Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаев «Үкімет газ тартылған елді мекендердің санын барынша арттыруға және 1700 шақырым газ желісін жаңғыртуға тиіс. Бұл 300 мыңнан астам адамды көгілдір отынмен қамтамасыз етуге мүмкіндік береді» деп атап өтті. Осыған орай, аймақ басшысы Нұрлыбек Машбекұлы Нәлібаевтың тапсырмасымен елді мекендерді газдандыру жұмыстары қарқынды жүргізілуде. Биыл облысымыздың газдандыру көрсеткішін 83 пайызға жетті. Ауданда осы жылы Н.Ілиясов және Шаған ауылдары табиғи газға қосылды. Енді Ақжарма ауылын газдандыру жұмыстары жүргізіліп жатыр, – деді Берік Әбдіғаппарұлы.
Жалпы жоба құны – 1 млрд. 881 млн теңгені құрайды. «Алия Сервис» ЖШС құрылыс монтаждау жұмыстарын жүргізуде. Қазіргі уақытта қажетті техникалар жұмылдырылып, жұмыстар жоспарға сәйкес атқарылуда.
Аудан әкімі бұл Ақжарма ауылы халқының көптен күткен жаңалығы екенін атап, жұмыстың сапалы әрі уақытылы орындалуының маңыздылығына тоқталып, жауапты мамандарға нақты тапсырмалар берді.
Сырдария ауданы әкімі баспасөз қызметі








