Тіршілік тынысы Tirshilik-tynysy.kz ақпараттық агенттігі
» » Кенттегі газдандыру жұмысы қарқынды жүргізілуде

Кенттегі газдандыру жұмысы қарқынды жүргізілуде

Аудан әкімі Руслан Рүстемов аудан орталығында жүргізіліп жатқан газдандыру жұмыстарының барысымен танысты.
Аудандық тұрғын үй коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімінің басшысы Е.Бахтияров аудан әкіміне арнайы әзірленген стенд арқылы газдандыру жұмыстарының барысын баяндады.
"2019 жылдың соңына дейін кенттегі 9 мемлекеттік мекеме газбен қамтылатын болады. Жалпы кентте алты газ тарату пунктін орнату қаралса, биыл оның үшеуі өз жұмысын бастайды. Мердігер компания қарамағында 45 қызметкер 16 техникамен жұмыс жасап жатыр. Биыл тұрғындар тарапына түскен сұранысқа сәйкес үш аймақ бойынша 300-дей үй газбен қамтылмақ,-деді бөлім басшысы.
Аудан басшысы газдандыру жұмыстарының сапалы жүргізілуі бақылауда болу керек екенін айтып, тиісті сала басшыларына бірқатар тапсырма берді.
Жалпы, Сырдария ауданы Тереңөзек кентіне жүргізілетін газдандыру жұмыстарының жобалық құны 2 442, 057 млн.теңгені құрайды. Бас мердігер "Алия-Сервис" серіктестігі.
19 қыркүйек 2019 ж. 909 0