Елді мекенді газдандыру жұмыстарының барысымен танысты
Елді мекенді табиғи газбен қамту жұмыстары өткен жылы басталған болатын. Жоба құны 661 млн. теңгені құрайды.
Аудан басшысы облыс әкімі Нұрлыбек Машбекұлы Нәлібаевтың қолдауымен аймақты, оның ішінде ауданды газдандыру жұмыстары қарқынды жүргізіліп жатқанын атап көрсетті. Н.Ілиясов ауылының халқы табиғи газдың берілуін асыға күтіп отырғанына тоқталып, құрылыс монтаждау жұмыстары сапалы жүргізілу керектігін және мерзімінде аяқталу қажеттігін ескертті. Салалық орынбасарына қатаң бақылауда ұстауды тапсырды.
Мердігер мекеме «Транс Азия Констракшн» ЖШС өкілі жұмыстар жоспар бойынша жүргізіліп жатқанын жеткізді.