Мәжіліс депутаттары Ақжарма ауылындағы газдандыру жұмысымен танысты
Бүгін ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаттары Мұрат Ергешбаев пен Мархабат Жайымбетов ауданға жұмыс сапарымен келіп, Ақжарма ауылының газдандыру жұмысымен танысты. Аудан әкімі Берік Сәрменбаев, облыстық мәслихат депутаты Жұмабек Ембергенов және «AMANAT» партиясы аудандық филиалының атқарушы хатшысы Ақтөре Ибрагимұлы, аудандық мәслихат депутаты Марат Бисенов күтіп алып, атқарылып жатқан жұмыстарды атап көрсетті.Аудан басшысы Ақжарма ауылындағы газдандыру жұмыстарымен таныстырып өтті.
– Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаев «Үкімет газ тартылған елді мекендердің санын барынша арттыруға және 1700 шақырым газ желісін жаңғыртуға тиіс. Бұл 300 мыңнан астам адамды көгілдір отынмен қамтамасыз етуге мүмкіндік береді» деп атап өтті. Осыған орай, аймақ басшысы Нұрлыбек Машбекұлы Нәлібаевтың тапсырмасымен елді мекендерді газдандыру жұмыстары қарқынды жүргізілуде. Облысымыздың газдандыру көрсеткішін 83 пайызға жетті. Ауданда өткен жылы Н.Ілиясов және Шаған ауылдары табиғи газға қосылды. Енді Ақжарма ауылын газдандыру жұмыстары жүргізіліп жатыр. Бұл – Ақжарма ауылы халқының көптен күткен жаңалығы. Жұмыстың сапалы әрі уақытылы орындалуының маңыздылығы қазіргі таңда басты назарда. Сондай-ақ газдандыру жұмыстары бойынша жауапты мамандарға нақты тапсырмалар берілді, – деді аудан әкімі Берік Әбдіғаппарұлы.
Өз кезегінде Мәжіліс депутаттары көгілдір отынның ауыл халқы үшін маңыздылығы мен қажеттілігін атап өтті.
– Мемлекет басшысы бұған дейін 1700 шақырым газ желісін жаңартуды тапсырған болатын. Осы орайда Президентіміздің бастамасы аясында «AMANAT» партиясының сайлауалды бағдарламасына енгізілген газдандыру жұмыстары баршамыздың ортақ қуанышымыз, – деді Мәжіліс депутаты Мұрат Нәлхожаұлы.
– Сайлауалды бағдарлама аясында жасалып жатқан жоба сапалы әрі мерзімінде халық игілігіне берілу қажет. Көгілдір отын әрбір отбасының жылуын, Отанымыздың қуатын арттыра берсін. Елдің дамуы ауылдан, ауылдың гүлденуінен басталады, – деді Мәжіліс депутаты Мархабат Жайымбетов
Жалпы жоба құны – 1 млрд. 881 млн. теңгені құрайды. «Алия Сервис» ЖШС құрылыс монтаждау жұмыстарын жүргізуде. Қазіргі уақытта қажетті техникалар жұмылдырылып, жұмыстар жоспарға сәйкес атқарылуда.
Мәжіліс депутаттары газдандыру жұмысының маңызын атап өтіп, жоба тұрғындардың өмір сапасын арттыруға ықпал ететінін жеткізді.
Сырдария ауданы әкімінің баспасөз қызметі











