Тіршілік тынысы Tirshilik-tynysy.kz ақпараттық агенттігі
» » Өлшеусіз қызмет ескерусіз қалмайды

Өлшеусіз қызмет ескерусіз қалмайды

Мерекелік басқосуды ашқан аудан әкімі Берік Сәрменбаев білікті басшы Салтанат Бекжүнісова жетекшілік ететін ұжымды кәсіби мерекемен құт­тықтады.

– Жаңа Конституция жобасында отбасы мен неке ұғымдарының нақты айқындалуы – қоғамдағы дәстүрлі құндылықтарды құқықтық деңгейде бекітудің айқын көрінісі. Жоба мәтінінде отбасы құндылықтарын қорғау, неке институтын нығайту, сондай-ақ ата-ана мен бала арасындағы өзара жауапкершілік мәселелері кеңінен қамтылған. Сонымен қатар құжатта неке ұғымына нақты анықтама берілген. Онда неке ер мен әйелдің мемлекет заңына сәйкес тіркелген ерікті және тең құқықты одағы екені көрсетілген. «Бұл – отбасының жай ғана әлеуметтік ұғым емес, мемлекетіміздің іргетасын құрайтын және оның қорғауындағы ең маңызды институт екенін білдіреді. Азаматтық хал актілерін тіркеу қызметі – қоғам өміріндегі аса маңызды әрі жауапты салалардың бірі. Адам өміріндегі ең маңызды кезеңдер – дүниеге келу, отбасын құру, жаңа өмір бас­тау, сондай-ақ өмір жолындағы өзге де маңызды сәттер сіздердің тікелей қатысуларыңызбен заңды түрде рәсім­деледі. Сондықтан бұл салада қызмет ету үлкен жауапкершілікті, жоғары кәсібилікті, адалдық пен ұқыптылықты талап етеді. Сіздер күн сайын азаматтардың құқықтары мен заңды мүдделерін қорғауға, мемлекеттік қызметтердің сапасын арттыруға, қоғамдағы құқықтық тәртіптің ныға­юына зор үлес қосып келесіздер. Сіз­дердің адал еңбектеріңіз – халыққа көрсетілетін мемлекеттік қызметтің сапасын арттыруға бағыт­талған маңызды қадамдардың бірі. Осындай жауапты міндеттерді абыроймен атқарып жүрген барша қыз­мет­керлерге шынайы алғысымды білдіремін, – деді Берік Әбдіғаппарұлы.

Салтанатты жиында сала арда­герлері мен қызметкерлеріне аудан әкімінің «Алғыс хаты» табысталып, сый-құрмет көрсетілді. Сондай-ақ, зейнетке шыққан ардагерге құрмет жасалып, жас жұбайларға неке куәлігі мен жаңа туған нәрестенің туу туралы куәлігі анасына салтанатты түрде берілді.

Аудан өнерпаздары жиналған жұртшылыққа әсем әндерін тарту етіп, мерекелік көңіл-күй сыйлады.


«Тт» ақпарат
05 наурыз 2026 ж. 976 0