Ахат саласы қызметкерлерін кәсіби мерекелерімен құттықтады

– АХАТ саласының мамандары өздерінің адал еңбегімен және заңдарды сақтауымен жоғары әлеуетті мемлекет қалыптастыруға өз үлестерін қосуда. Сіздердің жұмыстарыңыз – нағыз жауапкершілік пен адалдықты талап етеді. Жақында ғана аймақ басшысының қатысуымен үкіметтік емес ұйымдары, музей, архив, кітапхана орналасқан «Руханият» орталығы салтанатты түрде ашылды. Мұнда ауданның АХАТ бөлімі де қамтылды. Аймақ басшысының қолдауымен бой көтерген орталықтағы неке сарайы отбасылық өмірді бастайтын жастарға үлкен қуаныш сыйлайды. Бүгінгі маңызды күні Сіздердің қажырлы еңбектеріңіз үлкен құрметке лайық. Осы ретте, сала ардагерлері мен қызметкерлеріне шынайы алғысымды білдіремін! Сіздерді кәсіби мерекемен тағы да құттықтай отырып, дендеріңізге саулық, еңбектеріңізге табыс, отбасыларыңызға амандық тілеймін! – деді Димаш Серікбайұлы.
Шара барысында жиынға қатысушылар тағдырлары тоғысқан жас жұбайлардың неке қию, жаңа дүние есігін ашқан сәбидің анасына туу туралы куәлік табыстау рәсімдеріне куә болды. АХАТ саласының ардагерлері мен үздік қызметкерлеріне аудан әкімінің «Алғыс хатымен» марапатталды.
Сырдария ауданы әкімінің баспасөз қызметі