Тіршілік тынысы Tirshilik-tynysy.kz ақпараттық агенттігі
» » Сайлау жүйесі ардагерлері мен қызметкерлерін кәсіби мерекемен құттықтады

Сайлау жүйесі ардагерлері мен қызметкерлерін кәсіби мерекемен құттықтады

Бүгін Дүниежүзілік сайлау күніне орай аудан әкімі Берік Сәрменбаев сайлау жүйесі ардагерлері мен қызметкерлерін қабылдап, кәсіби мерекемен құттықтады. Мерекелік қабылдауға аудандық мәслихат төрағасы Ержан Әжікенов, облыстық мәслихат депутаты Жұмабек Ембергенов, аудандық ардагерлер кеңесінің төрағасы Мұса Келдібаев, аудандық мәслихат депутаттары, сала ардагерлері мен қызметкерлері қатысты.

Кездесу барысында аудан басшысы жаңа Конституция жобасының маңыздылығына тоқталып, жүргізіліп жатқан конституциялық реформалардың ел дамуы үшін айрықша мәнге ие екенін атап өтті.

– Конституциялық реформалардың негізгі басты мақсаты – әділетті, тұрақты және өркендеген қоғам құру. Осыған байланысты еліміздің әлеуметтік-экономикалық дамуын қамтамасыз ету, тұрғындардың өмір сүру сапасын арттыру және қоғамдық келісімді нығайту бағытындағы жұмыстар конституциялық өзгерістерге сай жүзеге асырылатын болады. Жаңа Конституцияда 145 депутаттан тұратын және жаңа, кеңейтілген өкілеттіктерге ие бір палаталы жаңа Парламент – Құрылтай құрылады. Оны құру кезінде пропорционалды сайлау жүйесі қолданылады, ал депутаттардың өкілеттік мерзімі 5 жылды құрайды. Пропорционалды жүйе партиялардың кадрлық саясатын дамытуға, олардың институционалдық рөлін арттыруға және саяси күштердің қоғам алдындағы жауапкершілігін күшейтуге ықпал етеді. Бұл өзгерістер ел дамуына серпін беретіні анық, – деді Берік Әбдіғаппарұлы.


Мерекелік қабылдауда аудан көлемінде сайлау комиссияларында абыройлы қызмет еткен сала ардагерлері облыс және аудан әкімінің «Алғыс хатымен» марапатталып, сый-құрмет көрсетілді.

Атаулы күнге арналған іс-шарада аудандық мәслихат төрағасы Ержан Әжікенов, сала ардагерлері Балшекер Өтегенова мен Несібелі Керейтбаева мерекелік лебіздерін жеткізді. Сайлау жүйесінің мәні мен маңызына тоқталып, ауданда саяси науқандар тұрғындардың ауызбірлігінің нәтижесінде жоғары деңгейде өткізіліп келе жатқанын атап өтті.

Сырдария ауданы әкімінің баспасөз қызметі

05 ақпан 2026 ж. 145 0