Тіршілік тынысы Tirshilik-tynysy.kz ақпараттық агенттігі

№ 66 газет

01 қыркүйек 2026 ж.

№65 газет

29 тамыз 2026 ж.

№64 газет

25 тамыз 2026 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қыркүйек 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123456
78910111213
14151617181920
21222324252627
282930 
» » Тыл ардагерлеріне құрмет көрсетілді

Тыл ардагерлеріне құрмет көрсетілді

Ұлы Жеңістің 80 жылдығына орай аудан әкімі Берік Сәрменбаев тыл ардагерлерінің үйлеріне арнайы барып, мерекемен құттықтады. Аудан басшысымен аудандық ардагерлер кеңесінің төрағасы Мұса Келдібаев, аудандық мәслихат төрағасы Ержан Әжікенов және облыстық мәслихат депутаты Жұмабек Ембергенов бірге барып, мерекелік лебіздерін жеткізді.

Аудан басшысы ардагерлерге жеке барып, Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлының арнайы жарлығымен берілген «Ұлы Отан соғысындағы Жеңіске 80 жыл» мерекелік медалі мен Алғыс хат табыс етіп, сый-құрмет көрсетті. Сондай-ақ, тыл ардагерлерінің табанды еңбектері мен ерен ерліктерін айрықша атап өтіп, олардың өнегелі өмір жолы – өскелең ұрпаққа үлгі екенін жеткізді.

Тыл еңбеккерлері аудан әкімінің ыстық ықыласына ризашылықтарын білдіріп, елге амандық пен тыныштық тілеп, ақ баталарын берді.

Сондай-ақ, аудан әкімінің орынбасарлары мен аппарат басшысы тыл ардагерлеріне мерекелік медальді үйлеріне барып табыстап, мерекемен құттықтады.

Сырдария ауданы әкімінің баспасөз қызметі

07 мамыр 2025 ж. 380 0