Тіршілік тынысы Tirshilik-tynysy.kz ақпараттық агенттігі
» » Заманауи би сайысы: аудан мектептері сахна төрінде

Заманауи би сайысы: аудан мектептері сахна төрінде

Жақында 29 сәуір – Халықаралық би күні аясында аудандық мәдениет үйінде балалар мен жасөспірімдер шығармашылығына арналған «DANCE BATTLE» атты заманауи бишілер фестивалі жоғары деңгейде өтті.

Аталған іс-шараның бас­ты мақсаты – жас таланттарды анықтау, олардың шығар­машы­лық қабілетін дамыту және заманауи би өнеріне деген қызы­ғушылығын арттыру болып саналады. Фестивальге ауданға қарасты барлық білім ошағынан келген би топтары қатысып, өз өнерлерін ортаға салды. Сахнада хип-хоп, заманауи би, street dance бағыты бойынша өнер көрсеткен әрбір қатысушы топ көрерменге ерекше әсер сыйлады. Әр топ өзіндік стилімен, сахналық мәдениеті және ше­бер­­лігімен ерекшеленді.

Сахнаның ерекше безен­дірілуі, заманауи жарық пен дыбыс үйлесімі фестивальдің көркін аша түсті. Мұндай фор­маттағы «dance battle» элементі кез келген қа­тысушыға еркін өнер көр­сетуге мүмкіндік берді. Бұл ретте, ұйымдастырушы маман Ақмарал Пернебаева фес­тиваль жөнінде пікір білдірді.

– Бұл фестивальді ұйымдас­тырудағы басты бағытымыз – балалар мен жасөспірімдерді өнерге баулу, олардың бос уақытын тиімді ұйымдастыру деп білемін. Осындай іс-шара арқылы жас жеткіншектер өз қабілетін дамытып қана қоймай, би өнерін кәсіби ма­ман­дығына айналдыра алады. Барлық қатысушының бір мезетте бас қосуы – олардың еңбегін тең бағалаудың көрі­нісі екенін аңғарамыз. Біз үшін әр бала – жеңімпаз. Ал жетек­шілердің еңбегі әрқашан жоғары бағаланады. Алдағы уақыт­та да осындай жобаны жал­ғастырып, жас таланттарды қолдауды мақсат етеміз,– деді ол.

Атап айтқанда, Иса Тоқ­тыбаев атындағы №35 мек­теп-лицейдің «Lady Rhythm» би тобы «Импульс» биін, Әбділда Тәжібаев атындағы №36 мек­теп-лицейінің «Eclipse Fire» би тобы «Хип-хоп» жастар биін, Талғат Қозыбаев атындағы №131 мектептің «Шамшырақ» би тобы «Con calma» биін, Оспан Әбілпаттаев атындағы №210 мектептің «VIBE-X» би тобы «Hip-hop» dance биін сахналады. Сондай-ақ №44 ор­­та мектептің «Жауқазын» би тобы «Конфетки» биін, №126 орта мектептің «Phoenix Flow» би тобы «Хип-хоп» жас­тар биін, Түймебай Айтбаев атындағы №132 орта мектептің «BI STARS» тобы «REMIX CHIKICHA» биін, Асқар Тоқмағанбетов атындағы №135 мектептің «Shine Stars» би тобы «Gasolina Hip Hop Dance» биін сахналады. Ал, №137 орта мектептің «Blask out» би тобы «Ritual» биін, №139 орта мектептің «Нұрай» би тобы «Хип-хоп» заманауи биін, №147 орта мектептің «Гүлсара» би тобы заманауи биін, №174 мектептің «Step Jas» би тобы «Fresh Step Vibe» биін ұсынып, фестивальдің көр­кін аша түскенін айтып өту орынды.

Осылайша, әрбір би тобы өзіндік мәнерімен ерекшеленіп, өнер кешінің мазмұнын байыта түсті.

Фестиваль соңында барлық қатысушыға диплом және жетек­шілеріне алғыс хат пен бағалы сыйлық табысталды. Бұл ретте «DANCE BATTLE» фестивалі – жас ұрпақтың шы­ғармашылық әлеуетін дамы­­туға, олардың өнерге деген сүйіспеншілігін арттыруға ба­ғыт­талған маңызды мәдени іс-шараның бірі болды деп айта аламыз.

Ақтоты ӨТЕПБЕРГЕНОВА
28 сәуір 2026 ж. 46 0