Тіршілік тынысы Tirshilik-tynysy.kz ақпараттық агенттігі

№ 49 газет

05 шілде 2025 ж.

№ 48 газет

01 шілде 2025 ж.

№ 47 газет

28 маусым 2025 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Шілде 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123456
78910111213
14151617181920
21222324252627
28293031 
» » Даналық дәнін сепкен қария

Даналық дәнін сепкен қария

Қаламы жүйрік, ойы ұшқыр, сөзі нық Төлеп ақсақалмен әңгімелескенде уақыттың қалай өткенін білмей қаласыз. Мамандығы механизатор болғанымен, мақала жазып, тарихтың түбірін қопаруды әдетке айналдырған. Күнделікті басылым бетін парақтап, кемелдену жолында аянып қалмайды. Өлке тарихына көз жүгіртіп, жазу-сызудан бір сәтке арылғысы келмейді. Өзіндік ұстанымы, алға қойған мақсаты бар Төлеп Мыханов – ауыл шаруашылығы саласының нағыз майталманы.

«Тектіден текті туады, тектілік тұқым қуады» демекші, Төлеп Мыханов – нағыз шаруаның шыңына шыққан Әли мен Қатираның ұрпағы. Ақсақалдың анасы нәзік жандылар арасында механизатор атанған қайсар мінезді жан. Ардақты ана Сұлутөбедегі қыз-келіншектерді механизатор мамандығына дайындайтын 6 айлық курста оқып, «Аламесек» МТС-да комбаинер-тракторшы атанады. Кезінде колхоз басқарған Қатира Мыханова СОКП мүшесі ретінде халық қошеметіне бөленген. Осыдан 2 жыл бұрын басылым бетіне «Адамдық Мұрат» тақарыбында Төлеп Мыханов жөнінде қарымды қаламгер Шаһарбек Нұрсейіт мақала жазған болатын. Бүгінде 87 жасқа келген қазыналы қартты біз басқа қырынан тануға байлам жасадық.

Көнекөз қария 55 жасында зейнет жасқа шықса да, ауыл шаруашылығы саласын кейінгі буынға үйретуден жалықпаған. Газеттің әр таралымын үзбей оқитын Төлеп Мыханов қуғын-сүргін құрбандарын ақтау жөнінде бірнеше мақала дайындаған.

– Жастайымнан механизатор, ин­же­нер қызме­тінде жүріп, жер көрдік, ел таныдық. Ауданға қарасты Шаған ауылында бұрындары 16 ұлт өкілі тұрды. Олардың тарихын зерделей білсек, көптеген мәліметке қанығасыз. Өлкетанушы Жәнібек Махан­бетпен бірлесіп, шағандықтар жөнінде бірнеше мәрте мақала дайындадым. Өлке тарихына зер сала отырып, өткен мен бүгіннің арасын байланыстыруға болады. Қариялық жасқа жеткеннен кейін ел-жұрт айта жүретін артымыздан игілікті іс қалғаны дұрыс, – дейді Төлеп ақсақал.

Ауылдың ардақты азаматы меха­низиторлық қызметтің қыр-сырын жақсы біледі. Күріш­ші­лер­мен бірге бел жазбай қызмет етіп, инжерлік мамандықты ұршықша иіреді. «Көктемде жерге сіңген дән – күзде елге ризық болады» дейтін ел ағасы 10 баланың әкесі. Үйдегі отанасы Несібелі Смағұлова медицина са­ласында еңбек етті. Қазіргі уақытта Төлеп ақсақал немерелеріне тәлімді тәрбие беріп, даналық дәнін себуде.

Балтабай АЯБЕКҰЛЫ

05 шілде 2025 ж. 280 0