Тіршілік тынысы Tirshilik-tynysy.kz ақпараттық агенттігі
» » Мемлекеттік сатып алуға қатысты камералдық бақылау қорытындылары

Мемлекеттік сатып алуға қатысты камералдық бақылау қорытындылары


Қызылорда облысы бойынша Ішкі мемлекеттік аудит департаментімен (бұдан әрі - Департамент) облыс көлеміндегі мемлекеттік сатып алуды ұйымдастырушылары мен тапсырыс берушілері тарапынан мемлекеттік сатып алу заңнамасы талаптарының сақталуына камералдық бақылау жұмыстары жүргізіледі.

Камералдық бақылаудың мақсаты бұзушылықтардың уақытылы жолын кесу және жол бермеу, камералдық бақылау нәтижелері бойынша анықталған бұзушылықтарды өз бетінше жою құқығын мемлекеттік аудит объектісін беру және мемлекеттік аудит объектілеріне әкімшілік жүктемені төмендету болып табылады.

Департаментпен 2024 жылы 22 961 лот сомасы 811 млрд 256 млн. теңге құрайтын мемлекеттік сатып алулар камералдық бақылаумен қамтылып, оның ішінде 2 886 лот сомасы 19 млрд 705 млн. теңгеге немесе барлық қаралған лоттардан 12,6 % құрайтын сатып алулар бойынша бұзушылықтар анықталды. Айта кету керек, 2023 жылдың қорытындысы бойынша аталған көрсеткіш 10.79% құраған. Яғни, мемлекеттік сатып алуды ұйымдастырушылар тарапынан 2024 жылы мемлекеттік сатып алу заңнама талаптарынын бұзылуы жоғарыланған.

«Мемлекеттік сатып алу туралы» Заңымен белгіленген тәртіпке сәйкес мемлекеттік сатып алуды ұйымдастырушылардың шешімдеріне әлеуетті өнім берушілер веб-портал арқылы шағымдану құқығын пайдалана отырып, 4 064 шағым беру арқылы жүзеге асырған. Аталған шағымдарды қарау нәтижесінде 835 шағымда (20,6%) көрсетілген уәждер өз дәлелін тапқан, 1 610 шағымда (39,6%) көрсетілген уәждер ішінара өз дәлелін тапқан, ал 1 619 шағымданушының (39,8%) уәждері дәлелін таппады.

Есепті кезеңде Камералдық бақылау нәтижелері бойынша анықталған бұзушылықтарды жоюға 2 774 хабарлама жолданды (1 бағыт бойынша – 14 хабарлама, 2 бағыт бойынша – 1 хабарлама, 4 бағыт бойынша – 1 739 хабарлама, бір көзден сатып алу бойынша – 549 хабарлама, баға ұсынтарын сұрату сатып алуы бойынша – 361 хабарлама, қосымша келісім бойынша – 110 хабарлама). Бұл жерде ең көп бұзушылықтар мемлекеттік сатып алу конкурсы тәсілінің 4 бағытында (1 739 хабарлама), бір көзден сатып алуда (549 хабарлама), баға ұсынтарын сұрату сатып алуда (361 хабарлама), қосымша келісім жасасу (110 хабарлама) барысында орын алған.

Камералдық бақылаумен анықталған негізгі бұзушылықтар:


– Тапсырыс берушілермен артық талап қою арқылы мемлекеттік сатып алуға қатысушы барлық әлеуетті өнім берушілерге тең мүмкіндік беру принципінің бұзылуымен мемлекеттік сатып алуларды жариялау;


– Рұқсаттар және хабарламалар туралы заңнамасында белгіленбеген құжаттарды әлеуетті өнім берушілерден талап ету немесе Рұқсаттар мен хабарламалар туралы заңнамасының талаптарын бұзу (лицензия қажет етілетін қызметтер мен жұмыстарға хабарландыру жариялау барысында тиісті рұқсатты немесе хабарламаны талап етпеу);

– Заңда көрсетілмеген негіздер бойынша бір көзден сатып алу жүргізу немесе бір көзден сатып алулар рәсімдері бойынша заңнама талаптарын сақтамау;

– Баға ұсыныстарын сұрату тәсілін дұрыс қолданбау, техникалық ерекшелікті бір тілде жасау, стандарттар көрсетпеу, қосымша келісім шарт жасау талаптарын орындамау, тағы да басқалар;

– Қосымша келісім шарт жасау талаптарын бұзу (бірлік баға, үнемдеу).

Мемлекеттік сатып алу саласында бұзушылықтарға жол берілсе және Департаментпен жолданған хабарламалар орындалмаса, не тиісті түрде орындалмаса Қазақстан Республикасының Әкiмшілiк құқық бұзушылық туралы 2014 жылғы 05 шілдедегі Кодексінің 207 және 462 баптарына сәйкес тиісті лауазымды тұлғаларға әкімішілік жауапкершілік қаралған.

Осы тұрғыда лауазымды тұлғағаларға қатысты 105 әкімшілік хаттама толтырылды, оның ішінде ӘҚБТ кодесінің 207 бабымен – 59 хаттама, 462 баптың 3 бөлігімен- 46 хаттама (207/1 – 28 хаттама, 207/3 – 4 хаттама, 207/5 – 5 хаттама, 207/7 – 7 хаттама, 207/8 – 1 хаттама, 207/10 – 1 хаттама, 207/11 – 10 хаттама, 207/18 – 3 хаттама, 462/3 – 46 хаттама).

Өз кезегінде, Департамент тарапынан камералдық бақылауды уақытылы және сапалы жүргізу бойынша жұмыс одан әрі жалғасуда.

Т.АБЕНОВ,
Қызылорда облысы бойынша Ішкі мемлекеттік аудит департаменті басшысының орынбасары
Фото: Нұрболат НҰРЖАУБАЙ

24 қаңтар 2025 ж. 68 0