Камералдық бақылау жұмыстары қорытындыланды

Камералдық бақылаумен анықталған негізгі бұзушылықтарға тоқталсақ, тапсырыс берушілермен артық талап қою арқылы барлық мемлекеттік сатып алуға қатысушыларына тең мүмкіндік беру принципінің бұзылуымен мемлекеттік сатып алуларды жариялау, рұқсаттар және хабарламалар туралы заңнамасында белгіленбеген құжаттарды әлеуетті өнім берушілден талап етуде кемшіліктер орын алды. Сонымен қатар заңда көрсетілмеген негіздер бойынша бір көзден сатып алу жүргізу немесе бір көзден сатып алулар рәсімдері бойынша заңнама талаптарын сақтамау, Мемлекеттік сатып алу заңнамасында белгіленбеген жағдайлар бойынша, әлеуетті өнім берушілердің сатып алынатын тауар, жұмыс, көрсетілетін қызмет нарығындағы жұмыс тәжірибесінің болуын белгілеу және тағы да басқа.
Өз кезегінде, Департамент тарапынан камералдық бақылауды уақытылы және сапалы жүргізу бойынша жұмыс одан әрі жалғастырлатын болады.
Қазақстан Республикасының «Мемлекеттік сатып алу туралы» Заңымен белгіленген тәртіпке сәйкес мемлекеттік сатып алуды ұйымдастырушылардың шешімдеріне әлеуетті өнім берушілер веб-портал арқылы шағымдануға құқылы. 31.12.2023 жылғы жағдай бойынша Департаментке әлеуетті өнім берушілермен 2 615 шағым берілген, оның ішінде 1 222 шағымда (46,8%) көрсетілген уәждер өз дәлелін тапқан, ал 1 388 шағымданушының (53,2%) уәждері дәлелін таппады.
С.Ержанұлы,
Қызылорда облысы бойынша Ішкі мемлекеттік аудит департаментінің
Қызылорда облысы бойынша Ішкі мемлекеттік аудит департаментінің
камералдық бақылау бөлімінің басшысы
Фото ашық дереккөзден