Камералдық бақылау жүргізілді
Департаментпен 2024 жылдың қаңтар-маусым айлары аралығына 13 503 лот сомасы 478 млрд. 880 млн. теңге құрайтын мемлекеттік сатып алулар камералдық бақылаумен қамтылып, оның ішінде 2 066 лот сомасы 11 млрд. 931 млн. теңгеге сатып алулар бойынша бұзушылықтар анықталды.
Камералдық бақылаумен анықталған негізгі бұзушылықтар:
- тапсырыс берушілермен артық талап қою арқылы барлық мемлекеттік сатып алуға қатысушыларына тең мүмкіндік беру принципінің бұзылуымен мемлекеттік сатып алуларды жариялау;
- Рұқсаттар және хабарламалар туралы заңнамасында белгіленбеген құжаттарды әлеуетті өнім берушілден талап ету;
- Заңда көрсетілмеген негіздер бойынша бір көзден сатып алу жүргізу немесе бір көзден сатып алулар рәсімдері бойынша заңнама талаптарын сақтамау;
- мемлекеттік сатып алу заңнамасында белгіленбеген жағдайлар бойынша, әлеуетті өнім берушілердің сатып алынатын тауар, жұмыс, көрсетілетін қызмет нарығындағы жұмыс тәжірибесінің болуын белгілеу және тағы да басқа.
Өз кезегінде, мемлекеттік сатып алу саласында бұзушылықтарға жол берілсе және Департаментпен жолданған хабарламалар орындалмаса не тиісті түрде орындалмаса Қазақстан Республикасының Әкiмшілiк құқық бұзушылық туралы 2014 жылғы 05 шілдедегі Кодексінің 207 және 462 баптарына сәйкес тиісті лауазымды тұлғаларға әкімішілік жауапкершілік қаралған.
Жыл басынан бөлім бойынша лауазымды тұлғағаларға 216 әкімшілік хаттама толтырылған. (207/1 – 87 хаттама, 207/3 – 2 хаттама, 207/5 – 3 хаттама, 207/7 – 8 хаттама, 207/8 – 1 хаттама, 207/10 – 56 хаттама, 207/11 – 15 хаттама, 207/18 – 2 хаттама, 462/3 – 42 хаттама).
Өз кезегінде, Департамент тарапынан камералдық бақылауды уақытылы және сапалы жүргізу бойынша жұмыс одан әрі жалғасуда.
Бүгінгі күнге, бақылау қорытындысы бойынша мемлекеттік аудит объектілері жіберетін бұзушылықтар саны азайып келе жатқанын атап өтуге болады.
С.Ержанұлы,
Қызылорда облысы бойынша
Ішкі мемлекеттік аудит департаментінің
камералдық бақылау бөлімінің басшысы